Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет29/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   377
Байланысты:
1634395807 (4)

Саяси жағдай 

Жәһилия  кезінде  Арабстан  саяси  тәртіп,  қоғамдық  бірізділік  дегеннен 

мақұрым, халықтың басым бөлігі көшпенді тұрмыс кешетін. Ру-руға бөлініп, 

әр  ру  өзіне  тән  тәртібін,  дәстүрін  ұстанатын.  Ұдайы  өзара  қырқысып,  басқа 

шауып,  төске  өрлеуге  әзір  тұратын.  Өзгенің  малын  талан-таражға  салу,  ар-

намысын  таптау  тіршіліктің  айнымас  қағидасына  айналған.  Алауыздықты 




 

23

жоқ  жерден,  болмашы  сылтаумен  тудырып,  тұтқиылдан  шауып,  малын-



мүлкін алып, тіпті әйел, баланы күң, құл ету дағдысы қалыптасқан-ды. 

Дұшпандық, қысастық, бітіп болмайтын дау-дамай арта түскен. 

Соғыс,  қан  ағызуға  машықтанып,  үйреніскендіктері  сондай,  тиісерге 

қара  таппаса  жоқты-барды  сылтау  етіп  өз  іштерінде  бірінің  етін  бірі  жеуден 

тайсалмайтын. Бұған шайыр Құтамидің: 

"Төскейде малымыз, төсекте басымыз қосылған ағайындарымыз - Бәкір 

руынан  басқа  соқтығысарға  ешкім  болмай  қалса,  солардың  өзіне  тарпа  бас 

салатынбыз", - деп келетін бәйіті куә. 

Ежелден  ру-ру,  тайпа-тайпаға  бөлініп  өмір  сүретін  арабтар  бір 

орталыққа  бірігу,  бас  қосу  жайын  ол  кезде  ойлап,  бас  қатырмады.  Осы 

себепті  Арабстан  түбегінде  әлеуметтік-мәдени  заңдылық  жоғалып,  соның 

салдарынан  зорлық-зомбылық,  шабуыл-шайқас  толастаған  емес.  Әркім  өз 

қалауынша тірлік қылатын, мықтының дәурен сүрген кезі еді ол. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет