Дәус тайпасынан көмек
Дәус тайпасы Расулаллаһтың сырттай тілекшісі еді. Тайпаның бас
шайыры Туфайл ибн Амр хижреттен бұрын Меккеде пайғамбармен кездесіп
мұсылмандықты қабылдаған. Содан бері халқын хақиқатқа уағыздайтын.
Хижреттің жетінші жылында Туфайл қасына төрт жүздей мұсылман
жерлестерін ертіп Мәдинаға, Аллаһ Расулымен дидарласуға келеді. Расул
Алланың Хайбарды алуға аттанғанын естіген ол шұғыл шайқас болып жатқан
жерге келеді. 400-ге жуық дәустер Ислам әскеріне қосылып яһудилермен
соғысады.
Достарыңызбен бөлісу: |