Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Йамама билеушісін Исламға шақыру



Pdf көрінісі
бет317/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   377
Йамама билеушісін Исламға шақыру 

Йамама  билеушісі  христиан  Хәуза  ибн  Алиді  мұсылмандыққа 

шақырған Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хатын Салит ибн Амр жеткізді. 

"Бисмилләһир-рахманир-рахим. 

Аллаһтың Расулы Мұхаммедтен Хәуза ибн Әлиге! 

Тура жолды таңдағандарға сәлем! 

Уа,  билеуші!  Менің  дінім  жақын  арада  дүниенің  шартарабын 

шарлайды. 

Сен  де  мұсылман  бол,  тек  жақсылыққа  қол  жеткізесің.  Әрі  еліңнің 

билігін өзіңе қалдырамын". 

Хәуза  бұл  шақыруды  қабылдай  алмайтынын,  тағынан  тайғысы 

келмейтінін  айттып,  пайғамбардың  елшісінен  Аллаһ  Расулына  хат  жазып, 

қымбат сыйлықтармен қоса беріп жібереді. 

Аллаһ  Расулы  ел  билеушісінің  қара  басының  қамын  ойлап  барша 

халықты иман кәусарынан мақрұм еткендігі үшін қатты қапаланады. 

Хәуза  ибн  Әли  араға  бір  жыл  салып,  күпірліктен  арылмаған  күйі  өліп 

кетеді. 

Осылайша  Аллаһ  Расулы  елшілері  арқылы  төрткүл  дүниеге  үндеу 

таратып, екі дүниені қамтамасыз ететін  иман атты тылсымнан күллі адамзат 

баласының үлес алғанын қалады... 

Ұлы шақыруды ләм-мим наразылықсыз қабылдаған сол кезеңнің үлкен 

мемлекеті  -  Хабашстан  билеушісі  Нәжаши  еді.  Византия  мен  Мысыр 

патшасы шақыруды жылы қабылдағанмен дүние салтанатынан бас тартқысы 

келмеді. 

Ал  Иран  Кисрасы  мен  Ғассан  билеушісі  Аллаһ  мадақтаған  ұлы 

тұлғаның  (с.а.у.)  хатын  аяқ  асты  етіп,  ашуға  мінгенмен,  бейбақтықты  өздері 

тілеп алғандарынан мүлде бейхабар еді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   313   314   315   316   317   318   319   320   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет