Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ХАЗІРЕТІ ХАДИШАМЕН ҮЙЛЕНУІ



Pdf көрінісі
бет60/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   377
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫҢ ХАЗІРЕТІ ХАДИШАМЕН ҮЙЛЕНУІ 

Хазіреті  Хадиша  пайғамбарымызды  бала  күнінен  танитын.  Сауда 

керуеніне  қосып,  мал-мүлкін  табыстаған  күннен  бастап  жақыннан  танып, 

біле  бастады.  Жесір  Хадиша  құрайыштың  қыздары  ішінде  көргенді  жердің 

қызы  ретінде  де,  иба-ізетімен  қатар  мал-дәулетінің  молдығымен  де  жоғары 

тұратын.  Кез  келген  бойжеткенге  арман  болғанмен,  нәсіп  болмаған  хас 

сұлулықтың иесі де еді. 

Сол  уақытқа  дейін  маңайындағы  оны  танитындар  да,  аты  мен  затына 

сырттай қанық болып сөз сала келгендер де аз болмаған, бірақ Хадиша бірде-

біреуін қабылдамаған-ды. 

Ешқашан үйленбейтін, үйлену жайын ойламайтын сияқты көрінетін. 




 

68

Құдайдың  дегені  құлды  жеңеді  демекші,  адалдығы  мен  пәктігі, 



адамгершілігі  мен  ақ  көңілділігі  жөнінен  теңдесі  жоқ  жанды  кездестіргенде 

Хадишаның  ойы  өзгеріп  сала  берді.  Иләһи  тағдыр  әу  баста-ақ  екі  көңілді 

жұптастыруды жазған-ды. 

Үйлену  жайын  алғашқы  болып  қозғаған  Хадиша  болды...  Иә, 

намыстылығымен 

танылып, 

жәһилия 

кезеңінің 

өзінде 

арлы 


әйел 

мағынасындағы "Тахира" лақабына ие болған Хадиша... 

-  Хадишаның  ұсынысын  жан  досы  Муниа  қызы  Нәфиса  Хазіреті 

Мұхаммедке жеткізді: 

-  Бас  екеу  болмай,  мал  екеу  болмайды  деген,  үйлену  жайын 

ойланбадың ба? 

- Үйленіп, үй болатындай малым жоқ. 

-  Егер дүниең жетіп, өз теңің ұсыныс айтса, қайтер едің? 

- Кімді айтасың? 

- Хуайлидтің қызы Хадишаны айтам. 

- Қалайша? 

- Сен қарсы болмасаң, қалған жағын үйлестіру — менің міндетім. 

- Онда мұндай ұсынысқа қарсы болмас ем. 

Нәфиса  қуанған  күйі  Хазіреті  Мұхаммедпен  арадағы  әңгімені 

Хадишаға  айтып  келді.  Көңілі  алып-ұшқан  Хадиша  Хазіреті  Мұхаммедке 

(с.а.у.)  қайтадан  хабар  жолдады,  оның  жүрекжарды  тілегін  сөзбе-сөз 

ұластырған тағы да Нәфиса. 

"Уа,  Мұхаммед  (с.а.у.),  сені  ағайын  ретінде  танып,  руластарым 

арасында адал, сенімді әрі шыншыл болғаның үшін ұнаттым." 

Хазіреті  Мұхаммед  (с.а.у.)  бұл  жаңалықты  көкесі  Әбу  Тәліпке 

білдіреді. Көкесі Хадишаның өз аузынан естіген соң қуана құптайды. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет