Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ХАЗІРЕТІ МҰХАММЕДКЕ (С.А.У)



Pdf көрінісі
бет68/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   377
ХАЗІРЕТІ МҰХАММЕДКЕ (С.А.У) 

ПАЙҒАМБАРЛЫҚ МІНДЕТІНІҢ 

ЖҮКТЕЛУІ 

 

 

ІҮ ТАРАУ 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

78

Ғ



АЙЫПТАН ЕСТІЛГЕН ДАУЫСТАР 

 

Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) отыз сегіз жаста. 



Осы  тұста  ол  беймәлім  қызық  жағдайларға  кездесті.  Күтпеген  жерден 

ғайыптан дауыстар естіп, кейде бір жерлерден жарық сәулелер көрінді. Оқыс 

оқиғалар  күн  сайын  жиілей  түсті.  Ұзақтан,  кейде  тап  іргесінен  "Ей, 

Мұхаммед!" дегенді анық еститін. 

Алайда  пайғамбарымыз  жалт  етіп  сөнетін  жарықтың  да,  өзіне 

шақырған  дауыстың  да  себебін  түсіне  алмаған.  Бірақ  түбінде  тегін 

құбылыстар емес екенін іштей сезетін де, қалың ойға шоматын. 

Анда-санда  ішін  кемірген  ойларын,  көзімен  көрген  таңғажайыптарды 

қымбатты  жары  Хадишаға  ақтарып,  сырларын  сонымен  ғана  бөлісетін.  Сол 

тұста  мына  дүниедегі  жан  дегенде  жалғыз  арқа  сүйері,  жұбанышы  Хазіреті 

Хадиша  болды.  Ол  жұбайының  ыңғайына  қарап,  айтқандарын  зейін  қойып 

тыңдайтын, жанын салып қорғап, қолпаштайтын. 

Мұхаммедтің (с.а.у.) осынау беймәлім халі бір жылға созылды. 

Мұхаммед (с.а.у.) отыз сегіз жасынан бастап садық

(Шын орындалатын)

 түстер 


көре  бастады,  яғни  күндіз  болатын  оқиғалар  оған  түнде  ұйқылы-ояу  халінде 

көрсетілетін  болды.  Түнде  түсінде  көргендері  таңертең  айны-қатесіз 

қайталанатын. 

Пайғамбарымызды  әрі-сәрі  еткен  құпия  жағдаяттар  оны  уахи  алуға 

әзірлеуде еді. Аяндарды қабылдауға дайындық алты ай жалғасты. 

Дүние  сұлтанының  мүбәрак  рухы  осылайша  өткен  алты  айдан  соң 

мұнан  былай  жападан-жалғыз  қалғанды  қалайтын.  Көпшіліктен  бөлек 

аулаққа кетіп өзімен өзі ойға берілуді аңсады... Өйткені рухы айналасындағы 

зұлымдық  пен  надандықтан,  адамгершілікке  жат  әрекеттерден  қысылып, 

ауырлай бастаған... 

Бар  нәрседен  баз  кешіп  ұзақ  ойланатынды  шығарды.  Жалғыздыққа 

итермелеген  құдіретті  күштің  себебін  әлі  толық  білмесе  де  бар  жан-тәнімен 

солай болуын тілейтін. 

Меккеден ұзақ кетіп, қу медиен құлазыған шөлді артық көретін болды. 

Таңдаған  табиғаты  аясында  бір  өзі  отырып,  тау-таспен,  жер-көкпен  іштей 

сөйлесіп,  осынау  дүниенің  не  үшін  жаратылғаны,  адамдардың  бұл  дүниеге 

келудегі  мақсаты  хақында  ой  бөліскісі  келетін.  Бірақ  санасын  кемірген  сан 

сауалға  қатқыл  қабақты  жартастар  да,  ұшы-қиырсыз  сахара  да,  бүкіл  әлемді 

шұғыласына  шомылдырған  күн  де,  түнді  нұрландырып  айналаға  жарық 

шашқан  ай  да,  жымыңдасқан  жұлдызды  аспан  да,  ақ  ұлпа  бұлттар  да  жауап 

бермеген.  Болашақтың  пайғамбарының  көкірек  сарайын  кернеген  дауысқа 

селт етпеген күйі үнсіз қала берген. 

Ойы  он,  санасы  сан  бөлінген  Ол  (с.а.у.)  күндіз-түні  ізденіс,  терең 

толғаныста жүрген. 

Иә,  күллі  әлемнің  мақтанышы  -  Хазіреті  Мұхаммедтің  (с.а.у.)  рухы 

сырттай  қарағанда  жалғыздыққа  ұмтылғандай  болғанмен,  шындығында  ол 




 

79

рухының  түкпіріндегі  бүкіл  болмыстың  жаратушысы  Аллаһ  Тағалаға  деген 



құштарлықты бастыра алмай әлек-ті. 

Барлық  пайғамбарлар  Аллаһ  Тағаладан  аян  алар  алдында  осындай 

күйді бастарынан өткерген. Әрине, біреуі көп, екіншісі аз. 

Мысалы, Хазіреті Мұса пайғамбарлық келер алдында қырық күн бойы 

адамдардан бойын аулақ салып, Тур тауында ораза ұстаумен күн кешкен. Сол 

сияқты  Хазіреті  Иса  (а.с.)  тып-тыныш  орманда  қырық  күн,  қырық  түн 

ғибадатқа берілген. 

 

ДҮНИЕНІҢ СҰЛТАНЫ - ХИРА ҮҢГІРІНДЕ 



Біздің эрамыздың 610- жылы... 

Мұхаммед (с.а.у.) қырық жаста... 

Ұзақ жылдардан бергі қалыптасқан әдеті бойынша жыл сайын қасиетті 

рамазан  айын  Хира  тауында  ғибадат  жасап,  Жаратқанға  жалбарынып  тілек 

тілеумен  өткізетін.  Бұл  жерде  қашан  келсе  де  құлаққа  ұрған  танадай 

тыныштық.  Жаратылыс  сырларын  жалғыз  қалып  ойлануға  таптырмас  орын. 

Әсіресе,  тұрмыстың  күйбеңінен,  шексіз  надандықтың  салмағынан  арылып, 

рухани сергуге өте оңтайлы. 

Ардақты  Пайғамбарымыз  Хира  тауының  көзден  таса  бір  үңгірін 

паналап,  ол  жерде  үлкен  аталары  Хазіреті  Ибраһимнің  (а.с.)  ханиф  дініне 

сүйеніп, ғибадат жасайтын. 

Баянды ғұмырының қырқыншы жылындағы рамазанын да осылай Хира 

тауында өткеруге дайындалды. Зайыбы Хазіреті Мұхаммедтің әдетіне қанық 

болғандықтан  азық-түлігін  алдын-ала  дайындап  қойған.  Пайғамбарымыз 

тағам салынған дорбаны алған күйі жолға шықты. 

Бүкіл  әлем,  айнала  қоршаған  табиғат  Оның  басқан  әрбір  қадамын 

қошеметтеп,  құрметтеп  тұрғандай...  Тырс  еткен  дыбыс  жоқ,  айнала  тым-

тырыс.  Бұл  тыныштықтың  өзі  мәнсіз  емес-ті,  астарында  ғибрат,  хикмет  бар-

тын. 

Пайғамбарымыз  да  үнсіз  аяңдап  келеді,  құдды  табиғатпен  ерекше  бір 



үйлесім тапқандай... Бүкіл болмыс Оған өз тілінде: 

"Мені  ең  жақсы  түсінетін  де,  түсіндіретін  де  -  Сенсің.  Ғибратқа, 

даналыққа толы екендігімді адамзат баласына түсінікті тілмен ұғындыратын 

да - Сенсің. Ұлы Раббымның бір әмірінен пайда болған алып дүниенің кітабы 

екендігімді айтып, оны оқытатын, оқыттыратын да - Сенсің. Сондықтан, мен 

саған борыштармын. Сол үшін мен саған басымды иемін, кез келгенге нәсіп 

болмайтын ұлы құрметке лайық Сен ғана..." - деп сыбырлап тұрғандай. 

Болмыстың  Сұлтаны  -  Хазіреті  Мұхаммед  табиғатқа  үстемдік  құрған 

тыныштықпен үндескен күйі көздеген орнына келіп жайғасты. Хира тауының 

төбесіндегі  үйреншікті  үңгір  Оған  "Қош  келдің,  қадамыңа  гүл  бітсін!" 

дегендей қарсы алды. 

Мұхаммед  (с.а.у.)  ой  теңізіне  сүңгіп,  асқан  ықыласпен  Жаратушыға 

құлшылық міндетін орындауға кірісті. 

Аллаһтың сүйікті құлы рамазан айының он алты күнін тәмамдаған. 

Он жетінші түн, жексенбіден дүйсенбіге қараған түн. 



 

80

Нұр  тауы  -  Хира  әдеттегідей  тым-тырыс,  құдды  терең  толғанысқа 



берілгендей... 

Табиғат та үнсіз, қыбырлаған сыбыс жоқ. Біраздан кейін жүзеге асатын 

қадірлі лебізді тыңдауға қазірден әзірленіп, ұйып қалған... 

Мұншалықты  құрмет  Ұлы  сөйлеуші  мен  Сүйікті  тыңдаушысына  деген 

сүйіспеншіліктен болса керек?.. 

Түн ортасы ауып, сәре уақыты жақындаған. Таң рауандап атуға жақын, 

бұлбұлдар  құйқылжыта  сайрап,  гүл-бәйшешек  хош  иісін  бұрқыратып, 

Аллаһты  зікір  етуші  жаратылыс  атаулының  бәрі  өз  тілдерінде  ынта-

ықыласымен Жаратушыны мадақтауға кіріскен шағы! 

Уахи әкелуші періште Жебірейіл сұлу жігіт кейпінде келді. Бар айнала 

хош  иістен  басы  айналғандай  сезімде.  Қауіп  пен  үрей,  толғаныс  пен  үміт 

билеген түсініксіз халде еді дүние. 

Жебірейілдің көңілі көтеріңкі, қуанышы жүзінен білінеді. Әрине, солай 

болуға  тиіс  те  еді,  өйткені  ол  Аллаһтың  соңғы  елшісі  -  пайғамбарлар 

сұлтанымен 

сөйлесуге, 

иманы 

мен 


есепсіз 

ғибадаты 

арқылы 

хабибуллаһ

(Аллаһтың  сүйіктісі)

  сипатына  ие  болатын  екі  дүниенің  сардары  - 

Мұхаммедпен (с.а.у.) жүзбе жүз кездесуге келген-ді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет