Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет158/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   377
Жолдағы оқиғалар 

Жолаушылар сапар бойы небір қызыққа кенелді. 

Жол  азықтары  әлдеқашан  таусылған.  Талғажау  етер  тағам  іздеп 

айналаны  сүзіп  келе  жатқан  жолаушыларға  бір  шопан  жолыға  кетеді.  Олар 

жағдайларын айтып, сүт сұрайды. 

Малшы: 

"Сауын малым жоқ. Мына бір жалғыз ешкіні сауатын едік, ол да буаз, 

сүті тартылып кетті", - деді. 

Пайғамбарымыз  (с.а.у.)  ешкіні  ұстап  алып  шипалы  қолымен  желінін 

сылап-сипап,  дұға  етті.  Сол-ақ  екен  ешкінің  желіні  тырсылдап  сүтке  толды. 

Оны сауып, мейірлері қанғанша ішті. 

Аң-таң болған шопан: 

"Не  деген  керемет  жансың?!  Сен  сияқты  адамды  бұған  дейін  көрсем, 

көзім  шықсын.  Кімсің  сен?  Қайдан  келесің?"  -  деп  сұрақтарын  жаудыра 

жөнелді. 

Мұхаммед (с.а.у.): 

"Кім екенімді айтайын, бірақ тіс жарып ешкімге айтушы болма", - деді. 

Малшының уәдесін алған соң: 

"Мен Аллаһтың Расулы - Мұхаммедпін", - деді. 

Қызығушылығы онан сайын арта түскен қойшы: 

"Е-е, әлгі құрайыштардың жолынан адасты деп жүргендері сен болдың 

ғой", - деді. 

Пайғамбарымыз: 

"Иә, иә, олар солай деп жүр", - деп күрсінді. 

Малшы сөзге келместен: 

"Мен  саған  сендім,  иландым,  сен  пайғамбарсың.  Айтқандарыңның  хақ 

екеніне  шүбәм  жоқ.  Сенің  істегендеріңді  тек  пайғамбар  ғана  істей  алады. 

Мен саған мойынсұндым" - деп, аяқ астынан мұсылмандықты қабылдайды да 



 

188


"Мені  де  ала  кетіңдерші,  өздеріңмен  бірге"  деп  жалынады.  Аллаһ  Елшісі 

оған: 


"Сен әзірге дәрменсізсің. Әлі алда талай-талай асулар бар. Сен онан да 

менің жеңісімді естіген күні кел, бізге қосыл", - деп басу айтты. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет