Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Егер  де  сендер  оған  (расулыма)  көмектеспейтін  болсаңдар



Pdf көрінісі
бет155/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   377
Байланысты:
1634395807 (4)

"Егер  де  сендер  оған  (расулыма)  көмектеспейтін  болсаңдар 

(ұмытпаңдар)  кәпірлер Оны  (Меккеден) қуғанда Аллаһ Тағала  өзі Оған 

жәрдемдескен  болатын.  Тағы  да  Ол  көмегін  аямайды.  Ол  қиын  сәт  еді. 

Расулаллаһ екеудің бірі еді (жанында тек Әбу Бәкір болды). Олар (Сәуір 

тауының  етегінде)  үңгірде  отырды.  Пайғамбар  қасындағы  жолдасына 

"Уайымдама,  Аллаһ  бізбен  бірге"  деді.  Аллаһ  (жолдасының)  жүрегіне 

күш  беріп,  Оны  (сүйікті  құлын)  көрінбейтін  әскерлермен  қолдады. 

Сөйтіп  кәпірлерді  төмендеткен  еді.  Аллаһтың  діні  -  ұлы  дін.  Аллаһ 

(міндетті түрде) жеңуші, әр нәрсені орынды істеуші хаким." (Тәуба сүресі, 

9/40-аят) 




 

186


Бейсенбіден жұмаға қараған түні үңгірге кірген екі дос үш күн, үш түн 

бойы  тапжылмастан  сонда  отырады.  Бұлай  етулерінің  де  мәнісі  бар. 

Мүшріктер  мұнша  уақыт  ішінде  оларды  іздеп  таба  алмаған  соң  Меккеден 

ұзап  кеткендіктерін  ойлап,  жаппай  қуғынды  бәсеңсітер  деген  сақтық. 

Шынында да солай болды. 

Үңгірде  тығылып  отырып  мүшріктердің  арасында  болған  оқиғаларды 

Әбу  Бәкірдің  ұлы  Абдуллаһтан  естіп,  біліп  отырды.  Абдуллаһ  күндіз 

мүшріктердің  арасында  жүріп,  айтқандарының  бәрін  тыңдап,  кешке 

Расулаллаһ  пен  әкесіне  хабар  беретін.  Түнде  үңгірде  болып,  таң  сәріде 

Меккеге қайтып келетін... 

Хазіреті Әбу Бәкірдің құлы Амир ибн Фухайра да Сәуірдің баурайында 

қой  жайып  жүрген  болып,  Абдуллаһтың  келген-кеткен  іздерін  таптап 

тастайтын. Әрі үңгірдегілерге сүт апарып беретін... 

Осылайша үш күн, үш түнді өткізген соң Абдуллаһтан Меккедегілердің 

із  кесуді  саябырлатқанын  естіп,  екі  дос  ары  қарай  жолға  шығудың  қамын 

ойластырады. 

Дүйсенбі  күні  сәресі  мезгілінде,  алдын  ала  келісілгендей,  жол 

бастаушы  Абдуллан ибн Ұрайкит екі түйені жетелеп Сәуір тауының маңына 

келді 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет