Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет192/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   377
Тұңғыш шейіт муһажир 

Шайқас әдеті бойынша алдымен екі жақтан да жекпе-жекке түсетіндер 

ортаға  шықты.  Ол  сәтте  мүшріктерге  дем  беру  мақсатымен  оқыс  ортаға 

атылған  Амир  ибн  Хадрами  шайқас  тәртібін  бұзып  мужаһидтерге  қарсы  оқ 

атады.  Кенет  атылған  оқ  муһажир  Миһжа  есімді  сахабаға  дәл  тиіп,  шейіт 

болады.  Миһжаның  өлімі  өзгелерді  рухтандырды.  Расулаллаһ  "Миһжа 

шейіттердің  құрметтісі"  деген.  Мүшріктерден  Раби'аның  Утба  мен  Шайба 

атты  екі  ұлы,  Шайбаның  ұлы  Уәлид  қарсыластарына  жекпе-жекке  адам 

шақырды. Нәжжәр руынан Афра атты сахаба әйелдің жеті ұлы бірдей Бәдірде 



 

222


шайқасуға  келген-тін.  Ағайындылардың  екеуі  Муаз  бен  Ауф  және 

Пайғамбарымыздың  шайыры  Абдуллаһ  ибн  Рауаһа  жекпе-жекке  әзір 

екендіктерін білдірді. 

Мұхаммед(с.а.у.)  мұсылмандар  мен  мүшріктер  арасындағы  алғашқы 

қақтығысқа  әнсар  мұсылмандардың  шыққанын  іштей  қаламаған.  Мүшріктер 

де  осы  ойының  үстінен  дәл  түсіп  әнсарларда  шаруалары  жоқ  екендігін,  өз 

туыстары 

Әбдімүттәліп 

ұрпақтары 

меккеліктермен 



ұрысқа 

шығатындықтарын  жария  етті.  Пайғамбарымыз  әнсар  жастарына  дұға  етіп, 

сапқа тұруларын бұйырды да: 

"Үбәйда!  Хамза!  Әли!  Шығыңдар!"  -  деді  нығарлай  сөйлеп.  Аллаһ 

Елшісінің әмірін ести салысымен үш қаһарман сахаба алаңға атылды. 

Сауыт  киінген  оларды  мүшрік  Утба  тани  алмай:  "Аты-жөндеріңді 

атаңдар, біз өз теңімізбен ғана шайқасамыз", - деді. 

Қызу  қанды  жауынгер  жүректі  үшеуінің  аттарын  естіген  соң  ғана: 

"Енді ұрысқа кірісе беруге болады. Біздің теңіміз - сендерсіңдер", - деп білек 

сыбанды. 

Үбәйда  ибн  Харис  -  Утба  ибн  Раби'амен,  Хазіреті  Хамза  өз  теңі 

Шәйбамен, Хазіреті Әли болса Уалид ибн Утбамен жекпе-жекке кірісіп кетті. 

Екі  тараптың  сарбаздары  да  жанкүйерлік  танытып,  сырттай  бақылауға 

мәжбүр еді. 

Сарт-сұрт  айқасқан,  жарқ-жұрқ  еткен  қылыш...  Оңды-солды  сілтескен 

қанжар,  шоқпар...  Ұрыс  көпке  созылмады.  Хазіреті  Хамза  мен  Хазіреті  Әли 

қарсыластарын ә дегеннен-ақ сұлатты. Сол бойда Хазіреті Үбәйдаға көмекке 

ұмтылды.  Утбаны  да  жайратқан  соң  Үбәйданы  сүйеген  күйі  ардақты 

Пайғамбарымызға  келді.  Қақтығыс  үстінде  жарақаттанған  қаһарман  Үбәйда 

Расулаллаһтан: 

"Уа,  қолбасшым!  Мен  шейітке  саналамын  ба?"  -  деп  сұрайды.  Аллаһ 

Расулы да ойланбастан: 

"Әрине, шейітсің. Сенің мәңгілік мекенің жәннаттың төрінде болмақ", - 

деп қуантты. 

Аяғындағы жара оңалмайтын болған соң Үбәйданың аяғын кесуге тура 

келеді.  Аллаһ  жолында  шын  көңілден  жанын  құрбан  етуге  даяр  жанкешті 

сахабаның ерлігі - ұрпаққа өнеге. Хаққа қызметтің, иманның ләззатын татқан 

құрметті  сахаба  Үбәйда  Бәдірден  қайтар  жолда  жарасы  асқынып,  қаза 

болады. Мерт болған тұста жер қойнына беріледі. Мүшріктер бірінен соң бірі 

құлап, оқ тигені, жұдырық тигені тіл тартпастан жан тәсілім береді. Бастағы 

сенімдері бірте-бірте азайып, сасқалақтай бастаған оларға Әбу Жәһил жұбату 

айтып, қолдаған болады... Мұсылмандар болса жігерленген сайын қуаттанып, 

ұрысты  бастауға,  мүшріктерді  ойсыратуға  асығады.  Пайғамбарымыз  азғана 

әскеріне қарап тұрып Раббына дұға ете түседі: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет