Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет200/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   377
Байланысты:
1634395807 (4)

Бәдір жеңісінен соң... 

Бәдірдегі  жеңіс  Мәдинаның  ішінде  де,  сырт  жерлерінде  де  түрлі 

өзгерістер  туғызды.  Мәдинадағы  яһудилер  мен  пұтқа  табынушылар  сырттай 

сездірмеуге тырысқанмен үрейленіп, аяқ тартқаны алғашқы сәттен-ақ білінді. 

Көзі ашық, көңілі ояу яһудилердің кейбіреулері: 

"Кітабымыздан  түр  сипатын  оқыған  пайғамбар  -  осы.  Енді 

қарсыласудың  жөні  жоқ",  -  деп  иман  келтірді...  Енді  біреулері 

қорыққандарынан иман келтірген сияқты көрінді, олар алауыздық тудырудан 

түбегейлі бас тартқан жоқ. 

Хабаш билеушісі Мұхаммед (с.а.у.) бастаған мұсылмандардың жеңісіне 

риза болып, елін мекендеп қалған мұсылмандарды қонақ етіп сыйлап: 

"Құдіретті  Аллаһ  өз  Расулынан  Бәдірде  көмегін  аямады.  Осыған 

шүкірлік етемін", - деп қуаныштарына ортақтасты. 

Мәдинада  мұсылмандар  жеңіс  тойын  ұлан-асыр  мерекелеп  жатса, 

Мекке  мүшріктері  қабақтары  солыңқы,  жүздері  солғын  азалы  күндерін 

өткерді. 

Қалай  дегенде  де  Бәдірдегі  ұлы  жеңіс  Ислам  тарихында  бедерлі  бет 

болып қала бермек. 

 



 

229




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет