225
орналасуының көрінісі еді. Періштелердің бәрі бастарына аппақ сәлде ораған
сарбаздар кейпіне енеді, тек Жебірейіл ғана сары сәлдесімен ерекшеленген.
Бәрінің ауыздығымен алысқан аттары бірыңғай ала түсті болған.
"Уа, Жаратқан Аллаһ! Уа, жәрдемі шексіз Мансур Аллаһ! Өзің жар
бол!" деген ұрандармен жауға қарсы ұмтылған сахабалардың ерлігін қанша
жыр қылып айтса да аз. Әсіресе, Хамза мен Әлидің басқан әр қадамы
қаһармандық десе қателеспеспіз. Қаһарман Хамза екі қолына екі қылыш
ұстап жан-жағындағы дұшпанды жайпап салған күйі баса көктеп ілгерілей
берген. Мүшрік қолбасшыларының көбісі осы екі батырдың қолынан қаза
тапты.
Достарыңызбен бөлісу: