Пайғамбарымыз пәк шаңырағында
Ухудтан қайтқан сахабалар жеңілістің әсерінен айыға алмай
көкіректері қарс айырыла күрсініп үйді-үйіне тараған сәтте Аллаһ Расулы да
отауына келді. Қызы Фатимаға Зүлфиқарды беріп тұрып:
"Қарағым, мынаны қынына салып алып қоя ғой. Уаллаһи, ол бүгін өз
міндетін керегінше орындады!"-деді.
Болмыстың сұлтаны Мұхаммед (с.а.у.) ертеңгі күнге үмітпен қарады.
Жеңіліске аса мойымады... Өйткені ерте ме кеш пе, әйтеуір ақиқаттың
жеңерін жақсы білетін. Оны Фатимаға қарап айтқан:
"Аллаһ жеңісті бізге нәсіп қылғанға дейін мүшріктер енді бізді жеңе
алмайды",- деген сөздерінен байқаймыз.
Мәдинаға келгеннен соң да Пайғамбарымыз мүшріктерден қауіп
келмесіне кепілдік ала қоймаған. Кез-келген сәтте кәпірлердің шабуылдауы
263
мүмкін болғандықтан, мұсылмандар түнде пайғамбарымыздың отауын
күзетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |