Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Пайғамбарымыздың Айшамен сөйлесуі



Pdf көрінісі
бет268/377
Дата31.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#29354
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   377
Байланысты:
1634395807 (4)

Пайғамбарымыздың Айшамен сөйлесуі 

Айша  анамыз  жалаға  қалғалы  бір  ай  өтсе  де  ардақты  Аллаһ  Елшісіне 

уахи түспей қойды. 

Мешітте  хүтба  айтқаннан  кейін  бірнеше  күннен  соң  Пайғамбарымыз 

Хазіреті  Әбу  Бәкірдің  үйіне  барды.  Сәлемдескен  соң  Хазіреті  Айшаның 

жанына отырып былай деді: 

"Уа,  Айша!  Сен  туралы  мынадай  әңгіме  есіттім.  Егер  сен  сол 

айтылғандардан аулақ болсаң, жуырда Аллаһ сенің пәктігіңді анық білдіреді. 

Ал егер сен сондай құнаға батқан болсаң, Аллаһтан кешірім сұрап, тәубе ет. 

Өйткені құл күнәсін мойындап тәубе етсе, Аллаһ та оны кешіреді". 

Хазіреті Айшаның сондағы жай-күйін баяндауы: 

Расулаллаһ сөзін аяқтағанда көзімнің жасы кілт тоқтады. Әкеме қарап: 

"Расулаллаһқа мен үшін жауап бер",- дедім. 

Әкем:  "Уаллаһи,  қызым!  Расулаллаһқа  не  айтарымды  білмей 

отырмын",- деді. 

Сосын анама: "Онда сен мен үшін сөйле",- дедім. 

Ол да: "Мен де Расулаллаһқа не дерімді білмеймін",- деп жауап берді. 

Әкесі мен шешесі Расулаллаһқа жауап айта алмаған соң Хазіреті Айша 

өзі  сөйлеуге  мәжбүр  болды.  Иманына  шәьадәт  сөзін,  Аллаһқа  мадақ  айтқан 

соң былай деді: 

"Мен  тазамын,  пәкпін  десем  де  сенбессіздер.  Сабыр  сақтап  соңын 

күткеннен басқа амалым қалмады. Дәл сол сәтте Пайғамбарға Аллаһтан уахи 

келе бастады. 

Расулаллаһ  уахидың  ауырлығынан  қара  терге  түсті.  Суық  күнде  де 

уахи сәтінде осылай жан тері шығатын. 

Расулаллаһтың  үстіне  жамылғы  жауып,  басының  астына  тері  жастық 

қойдық.  Мен  зәредей  қорыққан  жоқпын.  Өйткені  таза  екенім  өзіме  де, 

Аллаһқа да аян. 

Ата-анам  болса  өсек  сөз  тура  шықса  дегендей  қорқып,  зәрелері  ұшып 

отырды". 

Уахи келіп біткенде Аллаһ Расулы күлімсіреп тұрды да Айшаға қарап : 

"Сүйінші,  Айша,  сүйінші!  Ұлы  Аллаһ  сенің  пәктігіңді  білдірді. 

Жабылған жаладан тазартты",- деді. 

Хазіреті Әбу Бәкір қуанғанынан қызын құшақтап бетінен сүйді. 

Жала мәселесіне қатысты түскен аяттар былайша сыр шертеді: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   377




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет