Хазіреті Айша төркінінде
Айша анамыз науқасынан мүлде айығып кеткен жоқ еді, бір күні Аллаһ
Расулы отауына кіріп сәлем берді де зайыбының есімін атамастан:
"Сырқатыңыз қалай?"-деді.
Онан соң ләм-мим үндеген жоқ. Айша қатты ызаланып:
"Уа, Расулалаь! Өмірімде мұнша қиналмап едім. Маған рұқсат етсең,
төркініме барсам деп едім. Жағдайымды анам жасасын",- дейді.
Пайғамбарымыз: "Баруыңа болады",- деп қасына қызметші қосып
жібереді. Хазіреті Айша ата-анасына барып, өзі туралы өсектің анық-
қанығын білгісі келеді. Анасы ауру күйінде сүйретіліп келген қызына:
"Жарығым-ау неге келдің?"- деді.
Айша: "Анашым, жұрт мен жайлы неше түрлі әңгіме айтып жүрген
көрінеді. Неге маған айтпадыңдар?"- дейді жыламсырап.
Анасы сабырға шақырып:
"Еш уайымдама қарағым, денсаулығыңды ойла. Сен сияқты сұлу
әйелді, күйеуінің сүйіктісі болған әйелді өсектемегенде кімді өсектейді.
Көптің ауызына қақпақ бола алмайсың, бұл тіршіліктің ағымы солай ғой",-
дейді.
"Әкем де хабардар ма?"-деп сұрайды Айша.
"Иә".
293
"Расулаллаһ ше?"
"Ол да біледі".
Айша қыстығып жылап жіберді. Әкесі Әбу Бәкір сол сәтте шатырда
Құран оқып отырған. Қызының жылаған дауысын естіп түсті.
"Не болды?"-деп сұрады.
"Өзіне жабылған жаланы естіп келіпті",- дейді Үммү Руман. Хазіреті
Әбу Бәкір де көзі жасқа толып, жылауға шақ қалады. Сол күні Айша анамыз
таң атқанша кірпік ілмей өксумен болады.
Достарыңызбен бөлісу: |