Дамыта оқыту технологиясы



бет3/3
Дата19.02.2022
өлшемі23,88 Kb.
#25901
түріОқулық
1   2   3
Мазмұнындағы басымдылық

Дәстүрлі иллюстрациялық -түсіндірме әдісі

Дамыта оқыту

Мақсат

Оқушыларға білім, білік, дағды қалыптастыру

Байқампаздығын ойлауын практикалық әрекеттін дамыту

Бастапқы мазмұн

Факторлар, мысалдар, тақырыптар, дәлелдер

Заңдылықтарды, теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту

Оқытудың формалары

Жеке, топтық, фронтальді

Бірлескен ұжымдық іс – әрекет

Оқыту әдістері

Ауызша түсіндіру, көрнекілік, практикалық

Проблемалық баяндау, ізденушілік, зерттеушілік

Бақылау, бағалау

Оқытудың нәтижесін мұғалімнің бақылауы, бағалауы

Өзін – өзі бақылау, өзін – өзі бағалау, рефлексия

Қазіргі білім беру технологиялары санатындағы дамытатын, жетілдіретін оқу технологияларын көрсеткен жөн. (Д.Б Эльконин –В.В. Давыдов,Л.В.Занков, Г.С. Альтшуллер және т.б.) Дамытатын оқыту белсенді іс–әрекеттенген оқыту типі. Дамытатын оқыту дамудың заңдылықтарын ескеріп қолданады, индивид деңгейі мен ерекшелігіне бейімделеді, тұлғаның мұралық нышандарының дамуына дем береді, бағыттайды және тездетеді, баланы толық құнды іс–әрекеттің субьектісі ретінде бағалайды.

Занков жүйесінің басты міндеті - баланың жалпы психикасын дамыту еді. Оған ақыл, ой, ерік-жігер, сезім кіреді. Осыларды дамыту білім, іскерлік дағдыларды түсініп, есте сақтаудың сенімді негізі деп саналды. Оның түсінігінде бала өзінің қызығатын нәрсесі, талап-тілегі бар, мектепке тек білім алу үшін ғана емес, бақытты өмір сүру үшін келетін жеке тұлға. Олай болса, мақсат - баланың барлық адамдық қасиеттерін дамыту. Ең маңыздысы, бала бойындағы жағымды сезімдерді жоғалтып алмау. Сондықтан дамыта оқытуды қолданған мұғалім оқушыдан бағдарламадан тыс оқыған кітабынан түсінгенін сұрайды. Себебі Л .В.Занков түсінігінде бала өзінің білетінін басқаларға жеткізіп үйренеді.

Бала сабақта өзінің өмірден көрген-білгендерін айтып, оны жолдастарымен бірге талқылап отырады. Қарама-қайшы білімдер ойды дамытады. Мұғалімнің жұмыс стилі сыныптағы нақты жағдайға байланысты өзгереді. Мұғалімнің сұрағы мен тапсырмалары біржақты жауаппен шектелмей, оқушыны өз көзқарасын айтуға, өз бағасын беруге итермелейді.

Занков жүйесінде оқытуды ұйымдастырудық жетекші нысаны — сабақ. Тек сабақтың дәстүрлі құрылымы өзгереді. Сабақ оқушылардың түсінігіне қиын болып келеді. Осыған сәйкес сабақ жаңа материалды оқудан басталуы мүмкін. Дәстүрлі оқытуда уақыттың көбінде мұғалім сөйлейді. Дамыта оқытуда мұғалім баланың өз ойын, өз бақылауларын, танымын айтуына жағдай жасайды. Сыныптағы "тәртіп" ұғымы өзгереді. Оқушылар жұмыс барысында шулайды, күледі, бір-бірімен әзілдеседі. Сонымен, сабақ үлгерімі жалпы дамумен ұштастырылады. Оқушы бағдарламаны өте жақсы меңгермесе де, оқуға деген ынтасы пайда болып, сынып ұжымымен байланысы жаңарса, дүние туралы түсінігі, онымен қатынасы өзгерсе, онда оқыту өте тиімді (пайдалы) жүрген деп бағаланады.



Дәстүрлі оқытуда баға басты рөл атқарады. Л.В. Занков сыныптарында балаларға баға қойылмайды. Баға жазба жұмыстарының қорытындылары бойынша шығарылады. Нәтижесінде балалар кім "озат", кім "үлгермеуші" екенін білмейді. Л.В.Занковтың дидактикалық жүйесінде шынайы жағымды эмоциялар көп, мұғалім мен оқушылар арасында татулық бар. Баланы жалпы дамытатын жаңа мәселелерді (сұрақтарды) талдау, жолдасының көзқарасымен келісу немесе оған күдіктене қарау, өз пікірі дұрыс болмаса бас тарту. Ақыл-ой іс-әрекетінің алуан түрін орындау кезінде бала қиындықты жеңіп, табысына қуанады, қанағаттанады. Баға қойылмауы сыныпта жақсы жағдай туғызады. Сонымен, Л.В.Занков жүйесі бойынша оқыту баланың дамуын анағұрлым тездететінін көрсетті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет