Оқушы дамуының негізі-оқу әрекеті. Оқу әрекеті-әрбір сабақтың өзегі. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар. Дамыта оқытудың В. В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс – тәсілдері де оқушының белсенділігін ұйымдастыруды, талдап, көмектесіп отыруды көздейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Дамыта оқыту технологиясы негізінде сабақ үш құрамдас бөліктен тұрады: