Дамыта оқыту технологиясы


Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор



бет6/6
Дата07.01.2022
өлшемі98,94 Kb.
#18487
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2,2

Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор:

Біріншіден - дамыта  оқытуда  білім  даяр  күйінде   берілмейді,  оған  оқушы   өз  оқу  әрекеті  арқылы  қол  жеткізеді. Сабақтың  алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талаптанады.  Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.

 Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. "Жақсы оқушы”, "Жаман оқушы” ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.

Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.

Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы – "орындаушы”, "мұғалімнің тасасындағы” объект емес.

Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:

 

Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс-тәжірибесінде қалай қолданады?

 

  •  Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту.
  • Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру.
  •  Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
  •  Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
  • Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.
  • Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.

Қорытынды: 

Л.В.Занков әдістемесін зерттей келе, біз төмендегідей қорытындыға келдік.

- оқу әрекетін күнделікті бақылап бағалауды және мұның барысында байқалған кемшіліктерді түзетуді оқушылардың өздері орындайды және бұл жұмыс бастауыш кластан басталуы тиіс;  - мұғалім тарапынан жүргізілетін жұмыс оқушыларға оқу нәтижесінде бақылап бағалаудың дағдысын қалып тастырады;  - бүкіл бақылау – бағалау үрдісі әрі оқушыда өзінің және сыныптас жолдастарының оқу нәтижесіне деген жоғарғы жауапкершілік сезімін тәрбиелейді.  Дамыта оқыту әдістемесіндегі ең басты нәрсе – оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайына енгізу екеніне эксперимент барысында көзіміз әбден жетті.

  Оқу әдістемелік құралдардың осындай жиынтығы мұғалімнің сабаққа жан-жақты дайындалуына және оны табысты өткізуіне, шығармашылық ізденісіне жол сілтеуге және мамандығы бойынша шеберлігін шыңдай түсуіне өзіндік үлес қосады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет