Даму бұзылыстары бар оқушылардың білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелігігінің педагогикалық критерийлері



Дата03.12.2023
өлшемі117,26 Kb.
#133269
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
инклюзивті білім беру


Даму бұзылыстары бар оқушылардың білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелігігінің педагогикалық критерийлері
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес (бастауыш, негізгі орта және орта) оқуда қиындықтарға тап болған оқушылар үшін арнайы жағдайлар жасалады. Қазіргі уақытта еліміздің білім алуында қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мен білім беру жүйесінде оқытудың арнайы жағдайын құру барысында келесідей құжаттарды басшылыққа алу ұсынылады:
  • оқу жоспары мен оқу бағдарламасын бейімдеу;
  • оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімі);
  • оқытудың арнайы, вариативті және альтернативті әдістерін қолдану;
  • оқулықтарды, оқу әдістемелік құралдарын, жеке оқу материалдарын таңдау;
  • оқыту формасын таңдау;
  • тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу;
  • компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық;
  • арнайы психологиялық- педагогикалық көмек (психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың (олигофренопедагогтың, сурдопедагогтың, тифлопедагогтың);
  • педагог-ассистентің көмегі;
  • әлеуметтік – педагогикалық көмек.



ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН БЕЙІМДЕУ
МЖМБС-да белгіленген көлемде және оның сыныпта оқу қарқынына сәйкес оқушы оқу пәнінің мазмұнын меңгеруде қиындықтарға тап болған жағдайда оқу бағдарламаларын бейімдеу талап етіледі.
Оқу пәні бойынша бейімделген оқу бағдарламасы оқу тоқсанына құрылады, оның нәтижелері бойынша келесі тоқсанға арналған бағдарлама жасалады. Оқушының оқу материалын қандай қарқынмен игере алатынын алдын ала болжау қиын, бұл жоспарланғанның ішінде ең үлкен қиындықтарды тудырады. Сондықтан, білім беру үдерісі барысында бағдарламаны түзету қажеттілігі туындауы мүмкін. Бағдарламаны уақытылы түзету үшін үнемі оқушының жетістіктерін бақылау қажет. Ол үшін мұғалім мен қолдау көрсету мамандары қол жеткізген жетістіктерді критериалды бағалауды іске асырады.
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы
43-бап. Білім беру ұйымдарының құзыреті
2-3) білім беру бағдарламаларын бейімдеу және іске асыру;
ПМПК қорытындысы бойынша БЕРІЛЕДІ
Тиісті үлгідегі жалпы білім беру бағдарламасы
Бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы
Жеке оқу бағдарламасы
    • оқушының жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде құрылған оқу бағдарламасы.

Бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы
    • Зерде бұзылыстары бар оқушының жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып құрастырылған оқу бағдарламасы.

Жеке оқу бағдарламасы
Бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы – бір тоқсанға немесе жартыжылдыққа жоспарланады. Қиындық туғызатын пәндер бойынша ғана оқу бағдарламалары бейімделеді, қалған пәндер тиісті үлгідегі жалпы білім беру бағдарламасы негізінде оқытылады.
Бастауыш сынып оқушылары үшін оқу бағдарламаларын арнайы педагог пен мұғалім бірге бейімдейді.
Жоғарғы сынып мұғалімдеріне жалпы білім беру бағдарламасын бейімдеу үшін бастауыш сынып мұғалімдері көмектеседі. Қажет болған жағдайда арнайы педагогтың көмегіне жүгіне алады.
Оқушыларды жеке бағдарлама (ЖМБС бағдарланбай) бойынша оқыту ПМПК-тің ұсынысы негізінде ғана іске асады. Себебі, мұндай бағдарламамен оқытуға баланың ақыл-ойындағы ауытқушылықты анықтаған жағдайда ғана рұқсат беріледі. Зерде бұзылыстары бар оқушыларды жалпы сыныпқа қосу мен оқыту үшін зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы типтік бағдарламасы бойынша және баланың мүмкіндігі негізінде жеке оқу бағдарламасы құрастырылады.
ОҚУ ЖОСПАРЫ МЕН ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӨЗГЕРТУ
ПМПК ұсынысында: "Жеке оқу жоспары және жеке оқу бағдарламалары бойынша оқыту» деп беріледі. Жалпы сынып жағдайында зияты зақымдалған оқушы үшін жеке оқу бағдарламасы жасалады. Оқу жоспарын дараландыру оқушының қатысуы міндетті болмайтын оқу жоспарының пәндерін (мысалы, алгебра немесе шет тілі) айқындаудан тұрады.
ОҚУ ЖОСПАРЫ МЕН ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӨЗГЕРТУ

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет