1.3. Даму психологиясының əдістері Психологияда зерттеу əдістерінің төрт тобы қарастырылады. Əдістердің бірінші тобына: салыстырмалы, лонгитюдті жəне кешенді əдістер (ұйымдастырушы əдістер тобы) жатады. Салыстырмалы əдіс – сыналушылардың немесе таңдаулардың əртүрлі топтарының салыстырылуы. Жас ерекшелік психологиясындағы бұл əдіс əртүрлі объектілердің нақты белгілері бойынша салыстырылуына мүмкіндік береді.
«Көлденең қималар» əдістері деп аталатын салыстыру əдісі кез келген функцияның жас ұлғайған сайын қандай өзгерістерге ұшырайтынын анықтауға ықпал етеді (мəселен, нақты бір жас шамасындағы балалардың статистикалық орташа жетілуін анықтау немесе бесінші жəне тоғызыншы сыныптағы оқушылардың дене күшінің, интеллектісінің, эмоцияларының көрсеткіштерін салыстыру). Салыстыру əдісінің кемшілігі – «көлденең қималардың» даму үдерісін бейнелеуінде.
Даму психологиясында салыстыру əдісімен қатар лонгитюдті əдіс немесе «бойлай қима» əдісі де қолданылады. Ол бір адамның уақыттың біршама ұзақ мөлшерінде бірнеше рет зерттелуін болжайды.
Лонгитюдті əдістің құндылығы екі мəселенің түйінін шешу мүмкіндігінде, яғни: психикалық эволюцияның болашағын болжау жəне психикалық даму фазаларының арасындағы генетикалық байланыстырдың жасалуы. Лонгитюдті əдіс «көлденең қиманың» индивидтерді салыстыру кемшілігін түзейді. Алайда, бұл əдістің қолданылуында зерттеудің теңбе-тең əдістемелерін іріктеуде əртүрлі қиындықтар кездесіп отырады.
Қазіргі кезде кешенді əдіс жиі қолданылуда: психологиялық зерттеулер кешенді зерттейтін бағдарламаларды қамтиды. Оған тек психологтар ғана емес, сонымен қатар басқа да ғылымдардың өкілдері қатысады. Ол бағдарламалар ірі, тəжірибелі міндеттердің шешімінтабуда қолданылады. Кешендізерттеуде əртүрлі тұрғылар пайдаланылады. Осы тектес зерттеулер əртүрлі құбылыстар арасындағы байланыстар мен тəуелділіктердің жасалуына жағдай жасайды (мəселен, тұлғаның физикалық, физиологиялық, психикалық, əлеуметтік дамуы).
Əдістердің екінші ең ауқымды тобын ғылыми мəліметтерді алудың эмпирикалық əдістері құрайды. Əдістердің бұл тобына бақылау жəне өзіндік бақылау; эксперимент жəне психодинамикалық əдістері (тестер, анкеталар, сұрақнамалар, социометрия, сұхбаттасу жəне əңгімелесу) іс-əрекеттің үдерістері мен нəтижелерінің талдамасы, өмірбаяндық əдістер (адамның өмір жолындағы оқиғалардың, құжаттардың талдамасы).
Үшінші топтымəліметтерді өңдеу əдісі құрайды. Бұл əдістерге сандық (статистикалық) жəне сапалы талдау (мəліметтердің топтарға жіктелуі жəне т.с.с.) əдістері жатады.
Төртінші топқа интерпретациялық əдістер – генетикалық жəне құрылымдық əдістер жатады.
Генетикалық əдіс зерттеудің бүкіл өңделген мəліметтерінің психикалық жаңа құрылымдары қалыптасуының фазаларын, сатыларын дағдарысты мезеттерін қарастырып, даму сипаттамаларында талқылануына жағдай жасайды. Ол даму деңгейлерінің арасындағы «тігінен» генетикалық байланыстарды орнатады.
Құрылымдық əдіс тұлғаның барлық зерттелінетін сипаттамаларының арасындағы көлденең, құрылымды байланыс-тарды жүзеге асырады.
Кез келген психологиялық зерттеу бірнеше ортақ сатылардан құралады. Біріншісі – дайындық сатысы. Алдын ала жинақталған мəліметтердің негізінде қайсібір психологиялық заңдылықтар жайында жорамал ұсынылады. Екінші саты – бұл əртүрлі нақты əдістемелердің көмегімен көзделген міндеттің сипатымен анықталатын мəліметтерді ұсынатын зерттеудің өзі. Үшінші сатыда маңызды байланыстар мен заңдылықтарды анықтау мүмкіндігін беретін зерттеу мəліметтерінің сандық жəне сапалық талдауы жасалынады. Төртінші сатыда алынған мəліметтердің психологиялық теорияның негізінде талқылануы мен алғашқы жорамалдың дұрыстығын немесе бұрыстығын анықтау үшін интерпретациялық əдістер қолданылады.