деректер мол
• Қазақ хандығы құрылуының бұрынғы және кейiнгi тарихын жүйелi баяндаған бiрден-бiр құнды
еңбек: «Тарих-Рашиди»
• Тәуекел хан тұсындағы ықпалды би: Қадырғали Жалаири
• Жалайыр тайпасынан шыққан: Қадырғали Жалаири
• 1587 жылы Оразмұхаммед сұлтанмен бiрге орыстарға тұтқынға түсiп, ұзақ уақыт орыс
патшалығында тұрған: Қадырғали Жалаири
• «Жәмиғ-ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы») еңбегінің авторы: Қадырғали Жалаири
• Араб әрпiмен, қазақ тiлiнде жазылған маңызды тарихи дереккөз ғана емес, ХVI ғасырдағы қазақ
тiлiнiң ескерткiшi де болып табылатын еңбек: «Жәмиғ-ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы»)
• Қазақ тайпаларының өкiлi жазған алғашқы тарихи еңбек: «Жәмиғ-ат-тауарих» («Жылнамалар
жинағы»)
• «Шыңғыснама» тарихи еңбегiн ХVI ғасырда жазған: Өтеміс қажы
• Жошы әулетiнiң тарихы баяндалып, ХІІІ–ХV ғасырлардағы саяси тарих, Алтын Орданы
басқарған хандар, сол кезеңдегі Батыс және Оңтүстік Қазақстан туралы көптеген деректер
айтылатын еңбек: «Шыңғыснама»
• ХVI ғасырға жататын шығарма: «Тарих-и Әбiлқайыр хани»
• «Тарих-и Әбiлқайыр хани» еңбегінің авторы: Масуд бин Осман Кухистани
• Әбiлқайыр хан билiк еткен кезеңдегi «көшпелi өзбектер» тарихы баяндалатын еңбек: «Тарих-и
Әбiлқайыр хани»
• «Шежре-и түрк» («Түрiк шежiресi») кiтабының авторы: Хиуа қаласының ханы, тарихшы,
Әбiлғазы Баһадүр
• Шыңғысхан әулетiнiң тарихына арналған. қазақ халқының құрамына енген түркі тайпалары
туралы құнды деректер айтылатын еңбек: «Шежре-и түрк» («Түрiк шежiресi»)
• «Одан Мұхаммед Хайдардан дүниеге игi iстер тарады, ол ерекше қабілетті еді. Оның жазу емлесi
таза, стилi айқын, өлеңi нақышты еді. Сирек кездесетiн батылдықтың адамы және шебер
әскербасы болды. Ол Қашғардан Тибетке өттi. Кашмирге келiп, ел басқарды. Кашмирде қайтыс
болды. Оның Қашғар билеушiсi Рашид ханға арнап жазған «Тарих-и-Рашидиi» бүкiл
жұртшылыққа белгiлi» деп жазған: ХVI–ХVII ғасырлар аралығындағы белгiлi автор Ахмад
Рази
Достарыңызбен бөлісу: |