– Қарабақ оқиғасы да осындай әділетсізіктің жемісі емес пе
екен?
– Дұрыс айтып отырсың. Қазір әрбір әзірбайжандықтың жанына
қатты бататын нәрсе – Қарабах мәселесі. Әзірбайжан ғалымдары-
ның айтуынша, Қарабақ әзірбайжан халқы пайда болғанан бастап,
әзірбайжанның жері болған. Әрмендер басып алған Қарабах қазір
Әзірбайжан халқының жарылмай тұрған, жарылуға тиісті жарасы-
ның бірі сияқты. «Соғысып тартып алуға күшіміз жетеді. Бірақ, әр-
мендерді орыстар өлердей қорғайды» дейді. Ұстараның жүзіндей
қылпылдаған қазіргі заманның саятатын түсінудің өзі қиын, күр-
делі нәрсе болып кетті ғой. Өйкені Ресей әскерін Грузиядан шы-
ғарған кезде, соны Қарабахқа апарып жайғастырыпты. Әзірбайжан
Қарабах үшін соғысатын болса, әрменмен емес, Ресей әскерімен
соғысатын болып тұр. Қарабах мәселесі Әзірбайжан мемлекетінің
саясатының бір үлкен темірқазығы деуге болады. Сол себептен
де әзірбайжандықтар орыстар мен әрмендерді онша жақтыра бер-
мейді.
Достарыңызбен бөлісу: |