– Әзірбайжанның мемлекет тілі – әзербайжан тілі емес пе?
– Мемлекеттік тіл ретінде – әзірбайжан тілі, ал халықаралық тіл
және ғылым тілі ретінде – ағылшын тілі қолданыла бастапты. Бар-
лық халық әзірбайжан тілінде сөйлейді, барлық белгілемелер мен
жиындар әзербайжан тілінде өтеді. Әзірбайжан ғалымдары өздерін
түркі әлеміндегі үлкен халықтың бірі санайды. Олардың ресми
емес мәліметімен әлемде әзербайжан ұлты – 60 миллон. 60 мил-
лион болмаса да, 45-50 миллондай әзірбайжан бар екені рас. Олар
өздерін «қайғысы көп, бағы ашылмаған ұлттардың бірі – бізбіз»
деп, санайды. Өйткені әзірбайжан төртке бөлініп кеткен. Солардың
ішінде жеке отау тігіп отырғаны – қазіргі Бакудің төңірегіндегі әзір-
байжандар. Ал енді әзірбайжандардың 25-30 миллондайы қазіргі
Иранда өмір сүріп жатыр. Олардың не мектебі жоқ, не газет-журна-
лы жоқ. Барлығы әзірбайжан тілін тұрмыста, отбасында қолданады
да қоғамдық өмірде – парсы тілі. Ресейдің құрамындғы Дағыстан-
да да әзірбайжандықтар тұрады. Кезінде Кеңес үкіметі шекараны
бөлгенде әділетсіздікпен әзербайжандар тұтас тұратын Дербентті
Дағыстанның құрамына қосқан. Үшінші бір бөлегі – Нахичеванда.
Бұл Түркиямен шектесетін Әзірбайжанның облысы болған. Сонда
ені 10-50 шақырымға созылатын әзербайжандар тұратын аңғарды
Әрменияға беріп жіберген. Сөйтіп, бүкіл түркі әлемін, яғни дербес
ел Түркияны Кеңестер Одағының құрамында қалған түркі тектес
республикалардан осылайша бөліп тастағады. Түркілер бірікпесін,
374
күшеймесін деген зұлымдық мақсатпен. Бұл – кезіндегі Кеңестік
империяның қолдан жасаған кедергілері.
Достарыңызбен бөлісу: |