– Қытайға барғаныңызды айтып қалдыңыз. Бұл сапар да
сіздің ғылыми жұмысыңызға қатысты ма, әлде…
– Қараша айында Қытай Қоғамдық Ғылымдар академиясында өт-
кен халықаралық симпозиумға қатысып, Бейжіңде болып қайттым.
Қарашаның 15-17 күндері эпос тануға арналып өткен дүние жүзілік
әдебиет танушылардың халықаралық симпозиумына әлемнің 37
елінен 120-ға жуық ғалым қатысты. Өзбекстан, Қырғызстан, Әзір-
байжаннан бір адамнан барса, Түркиядан 2 адам, Қазақстанан ака-
демик Сейіт Қасқабасов екеуіміз қатыстық. Конференция бастан
аяқ ағылшын тілінде жүрді. Менің бір байқағаным, Қытайдың ға-
лымдары ағылшын тіліне жүйрік. Әдебиет танушы ғалымдардың
бәрі ағылшын тілінде сайрап тұр. Ал біз бүгінге дейін орыстың тілі
дүниенің кілті, орысша білсек, дүниенің барлық жерінде бізге жол
ашық деп жүре беріппіз. Сөйтсек, Қытай тұрмақ мына Өзбекстан,
Әзірбайжандарда да аға ұрпақ болмаса, кейінгі ұрпақтары орысша
жөн сұрауды да онша біле бермейді. Сол секілді Қытайда да орыс
тілі ғылым тілінен қалып, орнын ағылшын тіліне бере бастағандай
көрінді.
Достарыңызбен бөлісу: |