«Данышпан үкілер»



Дата02.03.2022
өлшемі0,64 Mb.
#26899
Байланысты:
әдіс


«Данышпан үкілер»

  1. Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері.

Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңыз. Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің бұрынғы ұғымдарыңызға қарсы тұрған ақпаратты табыңыз. Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз.

  1. Маңызды өмірлік даналық.

Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.

  1. Таныс және таныс емес.

Мәтіннен сізге алдында таныс болған және мүлдем таныс емес ақпаратты табыңыз.

  1. Иллюстрациялық бейнелеу.

Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, карикатура т.б. арқылы бейнелеп көріңіз.

  1. Үлгі боларлық қорытынды.

Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға бола ма?

  1. Талқылауға арналған маңызды тақырыптар.

Сыныпта талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді табыңдар.

«DEAL»

D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді сипаттау, сынау, өлшеу).

E – Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не білетіндерін, түсінгендерін суреттеу).

A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау, себептерін атау).

L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау, өзінде бар біліммен байланыстыру).

«Кубизм»

Кубиктің көмегімен төмендегі тапсырламарды бөлу:



  1. Суретте (түсі, пішіні, өлшемі).

  2. Салыстыр (неге ұқсас, неге ұқсамайды?).

  3. Байланыстыр (бұл туралы ойлағаныңызды көзге елестетіңіз).

  4. Таңда (Неден жасалған? Неден тұрады? Не үшін?).

  5. Қолдан (бұнымен не жасауға болады?).

  6. Дәлелде («ия», «жоқ» деп оған дәлел келтіру, бұл жақсы ма, әлде жаман ба? Неге?)

Әр топ кубик бойынша өздеріне берілген тапсырмалармен жұмыс жасайды, тақырыпқа сәйкес әр оқушының жеке жауабы тыңдалады.

Жазған мәліметтерін топта талқылайды, топтың атынан ортақ жауап дайындайды және презентацияға дайындық жасайды. Жасаған жұмыстары бойынша презентация, бағалау.



ОЙЛАН – ЖҰПТАС – БӨЛІС



Крестиктер – нөлдіктер

1. 1-ші команда (нөлдіктер) кестеден сан таңдайды.

2. Мұғалім сол нөмірдегі сұрақты оқиды.

3. Жауап дұрыс болған жағдайда, 1-ші команда сол квадратқа крестик қояды.



4. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, 2-ші команда (крестиктер) сұраққа жауап беруге және сол квадратқа крестик қоюға мүмкіндік алады.

«Телебағдарлама жүргізушісі»

Мұғалім бүгін ерекше телестудияға баратындарын хабарлайды. Ол жерде оқушылар өздері қалаған телебағдарлама жүргізушісі болуға мүмкіндіктері болатынын айтады. Бір сынып бөлмесін бірнеше бағдарлама реквизиттерімен дайындап қоюға болады. Мысалы: «Айтуға оңай» бағдарламасында «Сабақтас құрмалас сөйлем түрлері» бас қосады. Жүргізуші олардың әрқайсысын тыңдап, проблемаларын айтқызу керек. «Әйел бақыты» бағдарламасына «Бақытсыз Жамал», «Қамар сұлу», «Қалың мал», «Ақбілек» кейіпкерлері келіп, өз оқиғаларын баяндайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет