Данияр Әлия Ахмедияқызы Л. Н. Гумилев атындағы



бет1/2
Дата05.03.2023
өлшемі31,33 Kb.
#71677
  1   2

Данияр Әлия Ахмедияқызы
Л.Н. Гумилев атындағы
Еуразия ұлттық университетінің
1-курс докторанты

«Бабырнамадағы мәдениет аралық байланыстың тілдік сипаты»


Көптеген ғасырлар бойы адамзаттың төл мәдениетімен ұштасып, ұлт болмысының тікелей көрінісі – оның тілі. Әрбір тіл қарым-қатынас құрал болумен қатар, сол халықтың мәдениетін, өркениетін, әлеуметтік жағдайын, дүниетанымын бейнелеуде маңызды және шешуші рөл атқарады. Бұл туралы ғалым С.Г. Тер-Минасова былай дейді: «Тіл – халықты бір этнос ретінде қалыптастыратын, сол тілдік ұжымның мәдениетін, салт-дәстүрін, қоғамдық сана-сезімін сақтау мен жіберу арқылы ұлтты құратын қуатты қоғамдық құрал. Демек, тіл әртүрлі мәдениеттердің дүниетанымына, қажеттіліктеріне, болжамы мен уәждеріне сәйкес қалыптасады және сараланады [1,14 б.]


Тілдесім (немесе коммуникация) адамдарды, олардың өмірін, дамуын, мінез-құлқын, әлемді тануы мен өздерін осы әлемнің бір бөлігі ретінде басқара біледі. Адамдар арасындағы тілдесімді түсінуге, оған не кедергі келтіретінін және оған не ықпал ететінін танып білуге жасалған кез келген әрекет маңызды және негізделген боп табылады, себебі тілдесу – адам өмірінің тірегі, өзегі, негізі [1, 8 б.].
Заһир әд-Дин Мұхаммед  Бабыр өз ғұмырын туған жерінен тыс жерде өткізді. Оның өмірі Ауғанстан және Үндістан сияқты елдермен байланысты болды. Бабыр мәдениеттің ұлы қайраткері ретінде танымал. Жас кезінде ол парсы, араб тілдерін, әдебиетті, тарихты, лингвистиканы, музыканы және тағы басқаларды білетін білімді, мәдениетті адам болған. Бабырнамадағы мәдениет аралық коммуникация түркі мәдениетінің парсылық және үнділік мәдениеттерімен тоғысуынан көрінеді. Әсіресе, қалалық мәдениет қарым-қатынасынан бірінші халық мәдениетінің өзге халықтың мәдениетімен ықпалдасуы айқын байқалады.
Ауғанстан халықтарының түркі халықтарымен байланысы ежелгі дәуірден бастау алады. Түркі қарыздарының дари тіліне (сондай-ақ парсы және тәжік тілдеріне) енуі әсіресе Тимуридтер дәуірінде жанданды [2, 14]. Бабырнамада автор Кабул қаласындағы халықтың бірнеше тілде сөйлейтінін былай сипаттайды: On bir-on iki lafz bila Kabul vilāyatıda talaffuz qılurlar: 'Arabi, Färsi, Turki, Muğāli, Hindi, Afgāni, Paša'i, Parači, Gibari, Baraki, Lamğāni [3, 271 б.]. Мағынасы: Кабул уәлаятында олар он бір немесе он екі тілде сөйлейді: араб, парсы, түркі, моғол, хинди, Ауған, пашай, парачи, гебри, бараки, ламгани. Дәл осы жазба бетінде осындай мәлімет келтіріледі: Gazni tağlarıda Hazāra va Nägüdärī dur. Hazāra va Nägudäri arasıda bazı Muğuli til bilä hikāyat qılurlar. Sarq-šimāli țarafıdaqı tağlarda Kafiristān dur, misl-i Kator va Gabarik (Газни тауларында Хазар және Никудери тайпалары тұрады; хазарлар мен никудерийлердің арасында кейбіреулер моғол тілінде сөйлейді).
Бұл туралы венгрлік шығыстанушы ғалым Лайош Лигети: «Газни тауларында тұратын кейбір тайпалар хазарлар мен никудерийлердің арасында мо[ң]ғол тілінде сөйлейтіні көрсетілген. Бұл жағдайда біз Ауғанстандағы моңғолдар тобы туралы айтып отырмыз, белгілі болғандай, моңғол шапқыншылығы дәуірінде батысқа қоныс аударған Моңғолияның жалғыз байырғы тұрғындары қазіргі уақытқа дейін өз тілдерін сақтап қалды», - деп жазады [4, 101 б.].
Бабыр XVI ғасырдың басында Үндістанда Моғол мемлекетінің негізін салып, сол елде әмірлігін жүргізе, түркі халқы ана тілі мен мәдениетін тарата бастады. «Бұл өз кезегінде Үндістандағы парсы тіліне әсер етті. Дәлірек айтқанда, бұл құбылыс түркі сөздері мен терминдерінің парсы тіліне енуінің негізгі себебі болды», - дейді өзбек зерттеушісі А.Алиев [5, 22 б.].
Заһир әд-Дин Мұхаммед  Бабыр туған жерінен алыс жерде өмір сүрсе де, ана тілінің қолданысын сақтап қалуға тырысты. Ол кезде Үндістанда қоғамдық өмірде парсы, араб және үнді тілдері қолданылды. Кейіннен Бабыр кезінде әскери салаға қатысты терминдердің, сондай-ақ адамдардың өмірімен байланысты ұғымдар, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің түркі сөздері болғандықтан, Бабыр және оның айналасындағы адамдар, сондай-ақ, олардың Үнді жеріндегі ұрпақтары өз тілінде сөйлегендіктен, түркі сөздері мен терминдері Үндістандағы адамдардың тілдесімінде пайдаланылған.
Тюрколог ғалым Н.И. Егоров ХV ғасырда қыпшақтілді түркі халқының тілінің бұлғар тілдеріне әсер еткенін тарихи тұрғыдан дәйектеп, анықтап өтеді: «...Қазан хандығының өркендеуі кезінде бұлғар тілінің позициясы әлсіреді, татар тілінің беделі артып, жергілікті бұлғар-чуваш халқын ассимиляциялау басталды, алайда оны XVI ғасырдың аяғында татарлар толығымен сіңірді. Бұлғар-чуваш субстратының іздері Қазан халқы тілінің топонимиясында және қазан-татар тілінің субстрат лексикасында, сондай-ақ удмурт тіліндегі чуваштық кірме сөздерде сақталған» [6, 23 б.]. Ғалымның бұл тұжырымы бұлғар-чуваш тіліне қыпшақ тілінің әсері мен өзара кірме сөздердің алмасуы мен қолданысы жөнінде айтылса, ал Бабырнамадағы Бабыр тілінің Ауғанстандағы парсы тіліне, Үндістандағы хинди тіліне ықпалы мен сол елдердің Бабыр халқының қарым-қатынас тіліне кірме сөз ретінде еніп кетуі табиғи заңды құбылыс деуге болады.Жазба мұра бойынша мысалдар келтіріп өтейік:
1) Ba'zi "Gaznīn" ham bitiptürlär. Sulţăn Šihābuddin Gürining ham paytaxtı bu egindür. Bu Sultan Sihabuddinni Tabaqat-i Nāşirida va ba'zi Hind tārixida "Mu'izzuddin" bitiptürlär [3, 283 б.]. Мағынасы: Кейбіреулер Газнин деп жазады. Шихаб ад-дина Гуридің астанасы да осы қала болды. Табағат-и Наширидегі Сұлтан Шихаб ад-дин және Үндістанның кейбір әңгімелерінде «Му ' изз ад-Дин» деп аталады. Яғни бұл сөздерден Бабырдың парсы тілін біле тұрып, Үндістандық әдебиет-тарихтан хабары бар екендігіне көз жеткізе аламыз.
2) Ābšārning üstidä olturup ma‘jūn yedük [3,732 б.]. Біз сарқыраманың жанында отырып маджунды жедік. Маджун (түр. Macun şekeri) – түркілік жұмсақ, тәтті және әдемі кәмпит пастасы. Маджун – әртүрлі шөптер мен дәмдеуіштермен пісіруге болатын көше тамағы. Ол Орта ғасырлардан бері белгілі дәстүрлі түрік шөп пастасы Месир маджунудың дәмді дайындамаларынан шыққан [7].
Бізге белгілі болғандай, Бабырнаманы Бабыр өз тілінде жазған, алайда жекелеген сөздер мен өлең жолдары парсы сөздерімен берілген. Мәселен: 3)

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет