Данияр Әлия Ахмедияқызы Л. Н. Гумилев атындағы


Ābnūs yığačını, kim Hind eli tindū



бет2/2
Дата05.03.2023
өлшемі31,33 Kb.
#71677
1   2
Ābnūs yığačını, kim Hind eli tindū derlär, körmägänlärgä körsätildi [4, 733 б.]. Мағынасы: Үндістан тұрғындары тинда деп атайтын қара ағашты оны әлі көрмегендерге көрсетті. Бұл мысалда қара ағашты Бабыр парсылық آبنوس (ābnūs) сөзімен берген. Ābnūs (Abnos) – Үндістанда өсіп-өнетін қара, қатты және құнды ағаш [8], оның үнділік нұсқасы, яғни хинди тілінде үнділіктер оны «tindū» деп атайды екен.
Кабул жеріне қатысты атауларды әртүрлі нұсқада, яғни бірнеше халық тіліндегі атауы бойынша атап өтіп, Бабыр Ұлы жібек жолындағы танымал сауда базарын сипаттайды: 4) Hindūstāni gayr-i Hindūstānni Xurāsān der, nečük kim 'Arab ğayr-i Arabni Ajam der. Hindūstān bilä Xurāsān arasıda xuški yolidın iki bandar dur, bir Kābul yana bir Qandahār. Fargāna va Turkistān va Samarqand va Buxārā va Balx va Hisar va Badaxsandın karavān Kābulğa kelürlär. Xurāsāndın karavān Qandahārğa kelür. Hindūstān bilä Xurāsānga väsita bu vilāyat tur. Bisyar yaxsi sawdäxäna dur [3, 264 б.]. Мағынасы: Үнділер өз елінен тысқары бұл жерді Хиндустани Хорасан деп атаған, сол сияқты арабтар да Арабиядан тысқары жерде Аджам деп атаған. Үндістан мен Хорасанның аралығында екі сауда қаласы бар: бірі – Кабул, екіншісі – Қандағар, Ферғана, Түркістан, Самарқан, Бұхара, Балқы, Хисар, Бадахшаннан шыққан керуен Кабулға, ал Хорасаннан шыққаны Қандағарға келетін болды. Кабул аймағы Үндістан мен Хорасанның аралығында жатыр, бұл бір керемет сауда базары.
5) Cahāršamba küni ayning on to[q]uzida mīrzālar va sultānlar Türk u Hind umarāsını čarlap mašvarat qılıp sözni munga qoyuldı kim bu yıl xud albatta har sarı čerig yürümäk kerak [3, 745 б.]. Берілген мысалда Бабырдың Үндістандағы билік ету кезеңінде үнділік және түркілік сұлтандар мен мырзаларды жинап, ортақ кеңес құрғанын білеміз. Яғни түркі және үндістандық бектермен ортақ шешімге келуі өзара келісім мен түсіністікте жүзеге асты. Демек, тілдесім тілі де бір Моғол мемлекетінің тілі болғаны анық.
Қорытындылай келе, Бабырнамадағы мәдени аралық коммуникация тарихи оқиғалар негізінде Бабырдың өмірлік жолымен танылады және халықтың сөйлеу тілінде қолданыс тапқаны автордың жазбаларынан айқын көрінеді. Бабыр Үндістанда жаңа империяның негізін қалаушы ретінде Ауғанстанмен, Орта Азиямен сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға белсенді түрде ұмтылған. Әрине, бұл саяси-мәдени жағынан сондағы халық өміріне, дәстүріне, тұрмыс-тіршілігіне, тіліне және дініне ықпалын тигізе білді. Бұл мәселе әлі де тарихи лингвистика тұрғысынан толыққанды зерттеуді талап етеді.


Әдебиет



  1. Тер-Минасова С. Г. Язык и межкультурная коммуникация. – М.: Слово, 2008.

  2. Алимова Х.З. Словообразовательные возможности суффикса یچ -či в языке дари // Вестник Челябинского государственного университета. 2019. MNo 4 (426). Филологические науки. Вып. 16. С. 14-20.

  3. Bâburnâma.: Chaghatay Turkish text with Abdul-Rahim Khankhanan's Persian translation. [Cambridge, Mass.]: Dept. of Near Eastern Languages and Civilizations, Harvard University, 1993. – 902 p.

  4. Лигети Л . О монгольских и тюркских языках и диалектах Афганистана. – АОН, 1955, t. IV, fasc. 1-3, р. 93-117.

  5. Алиев, А. Из истории узбекского литературного языка / А. Алиев, К. Содиков. – Т. : Узбекистан, 1994. – 275 с.

  6. Егоров Н.И. Булгаро-чувашский язык в евразийском геополитическом пространстве в последние два тысячелетия своей истории // Историкоэтимологическое изучение чувашского и алтайских языков. Ч., 1999. – С. 13- 27.

  7. Goldstein, D.; Mintz, S. The Oxford Companion to Sugar and Sweets (англ.). – Oxford University Press, 2015. – P. 1290.

  8. Obastan сөздігі [Электрондық ресурс] – URL: https://obastan.com/abnus/770033/?l=az.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет