Адамның бақытты болуына не кедергі?
Кез келген адам өмірде бақытты болуды армандайды. Адамның қиялы ұшқыр емес пе, ол өзін
өмірдің барлық кезеңінде бақытты көргісі келеді. Яғни, адамның арманы өмірдің барлық кезеңі
мен саласын қамтиды. «Бақытсыз болғым келеді» деген адамды көрдіңіз бе? Жоқ, әрине!
Саналы адамнан ондай сөз шықпасы анық. Бақытты болсам деген арман адамды алға
жетелейді. Бірақ өмірде арманға қол жеткізе алмаған қаншама адам бар. Олар осыны ойлаған
кезде, өздерін бақытсыз сезіне бастайды. Кей жағдайда жегідей жеген ішкі ойдан құтылу
мақсатында өзін-өзі тастап жіберетін адамдар да бар. Сөйтеді де арақ, нашақорлық т.б. адамды
құрдымға жіберетін жаман істерден жұбаныш іздей бастайды. Адамның бұл күйге түсуіне
бірден-бір себеп – көкейдегі арманын мақсатқа айналдыра алмауында. Иә, арман – мақсат!
Себебі, мақсат – адамнан қажырлы еңбекті талап етеді. Мақсат біреу, ал арман болса көп. Адам
екінші мақсатына бірінші мақсатын орындаған соң барып кірісе алады, ал армандауы өмір
бойы таусылмасы мәлім. Адам қашан көкейдегі арманға жету үшін еңбек етіп, алғашқы қадам
жасайтын болса, ол арманы мақсатқа айналады. Мақсатқа айналған арман адамды нәтижеге
7
ұластырады. Бұл мәселені мынадай бір мысалмен түсіндіре кетейік: «Бір адам қаладағы атақты
оқу орнына түскісі келеді. Күндіз-түні соны армандайды, бірақ сол жолда ешбір әрекет
жасамастан жүре береді. Екінші бір адамның да дәл сондай арманы бар, бірақ ол адам армандап
қана қоймай сол оқу орнына түсуді өзіне мақсат етеді. Қолынан келген амалдың бәрін жасайды.
Емтиханнан сүрінбей өту үшін таңнан кешке дейін кітаптан бас алмай оқып дайындалды. Осы
екі адамның қайсысы нәтижеге жетеді деп ойлайсыз?»
Тағы бір мәселе: адамның өмірде өзін бақытсыз сезінуіне сыртқы әсер немесе басқа кінәлі емес,
өзі кінәлі. Кейбіреу: «Алдағы уақытта мына нәрсеге қол жеткізер болсам, бақытты боламын»
– дейді. Өмірлік бақытын ертеңгі күнмен, белгілі бір затпен өлшейді. Ол: үй, көлік, байлық т.б.
болуы мүмкін. Мұның тізбегін осылай соза беруге болады, себебі адамның арманы
таусылмайды.
«Біз өзімізге берілген нығмет жайында аз ойланып, қолда жоқ нәрсені көп ойлаймыз»
(Шопенгауер)
Адам кейде өзінде жоқ нәрсені ойлаймын деп, қолындағы бар асылын ұмытып кетеді, Алла
берген қолда бар нығметтің қадірін жете түсіне алмай қалады. Ақылды жан ешқашан: «Мен
мына нәрсеге қол жеткізгенде барып бақытты боламын» – деп айтпайды, керісінше, «Мен
бақыттымын! Өйткені менде мына нәрселер бар. Сол үшін Аллаға шүкірлік етемін» – дейді.
Қолында дүниелік қандай да бір нығметтің болмауы ол адамды бақытсыз ете алмайды. Ондай
адам қолындағы бар нығметтің қадірін білуімен-ақ бақытты. Ал егер Алла тағала нығметін
арттыра түссе, ол адам одан сайын бақытты бола түседі. Бұл – ақылды адамға тән қасиет.
Расында, адамның бақытқа қол жеткізуі өзіне байланысты, бірақ көп адам мұны білмейді.
Адамдар өзінің қаншалықты бақытты екенін бақытсыздыққа ұшырағанда ғана біледі
(В.Пелевин).
Мақсат жолында
Кейбір адам басына бір қиындық келсе, шыдамдылық таныта алмайды. Мұндағы ең басты
проблема – адамның қиындықты өмірдің бір бөлшегі әрі заңдылығы деп қабылдай алмауында.
Негізінде, кедергіде тұрған ештеңе жоқ, ең сорақысы – адамның жалқаулығы мен қиындықтан
шығуға талпыныс жасамауы. Мысалы, проектісі сызылған жолды салу барысында алдыдан
үлкен бір тас кез болып, жұмысқа біраз кедергі келтіруі мүмкін. Бірақ солай болды екен деп
жол салу жұмысы тоқтап қалмайды ғой. Аталмыш тастың сол жағынан немесе оң жағынан
өтетіндей етіп жаңа бір жоба сызылады да жұмыс одан әрі өз жалғасын табады.
Адам да өмірде алға қойған мақсатына жету үшін кезіккен әрбір кедергіні аттап өтуге және
бағындыруға бар күш-қайратын жұмсағаны жөн. Көп адамдар осы мәселеге келгенде жеңіліп
қалып жатады.
Мақсат жолында бірінші – қалау, екінші – күш-қайрат жұмсап еңбек ету, үшінші – кезіккен
қиындық пен кедергілерге сабырмен төтеп беру қажет. Адамның қолға алған әрбір ісі тек
сабырмен аяқталады. Өмірдегі жүлде де төзімді адамның еншісінде
12
.
12
Тирмизи, 2516.
«Біліп қойыңдар! Жеңіс сабырмен болады!»
Есте сақтаңыз:
Проблема қиындықта емес, қиындық себепті мақсатыңызды жоғалтып алсаңыз сол қиын.
Мақсатыңызды жоғалтпаңыз!
Қолыңыздан көп нәрсе келеді!
Сен өзіңді кішкентай ғана жаратылысқа теңейсің,
Бірақ сенде әлемді өзгерте алатын үлкен күш жатыр!
Әзірет Али
8
Өмірде әйел адамның алатын рөлі орасан зор. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды. Әйел –
өмірдің сәні! Әйел – сұлу жаратылыс! Шіркін, әйел кісі жаратылудағы міндетін дұрыс жолда
қолдана білсе, небір кереметтердің куәсі болар едік!
Білесіз бе, бүкіл қоғам салиқалы аналардың тәрбиесіне мұқтаж. Салиқалы әйел, салиқалы ана
– қоғам дұрыстығының кепілі. Қазақта – «Елді қорғайтын – ерлер, ерлерді тәрбиелейтін –
әйелдер» – дейтін әдемі сөз бар. Бұдан байқайтынымыз, әйелдің қолында, яғни сіздің
қолыңызда әлемді өзгерте алатын үлкен күш жатыр. Әйел қашан бой түзеп, өзін қолға алып,
жаратылудағы негізгі мақсатын ескеру арқылы жақсылыққа қарай бет түзей бастаса, қоғамның
да дұрыстала бастағаны. Керісінше болса, қоғам бұзылады. Халқымыз: «Қоғам бұзыларда
әуелі әйел бұзылады» – деп тегін айтпаса керек. Нәзік қана жаратылыстың білдей бір қоғамды
өзгерте алуы неткен күш десеңізші! Бұл – Алланың әйел баласына берген үлкен нығметі!
Әйел кісі бойындағы осынау күшті иман байлығымен қуаттай білсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Өйткені иман – адамға көптеген игіліктердің қақпасын ашады
13
. Тұз астың дәмін келтіргені
секілді, салиқалы әйел де өмірдің мәні мен сәнін келтіреді. Дүниедегі ең қымбат нәрсе де –
жүрегі иман нұрына шомған салиқалы әйел.
13
«Егер әлгі елді мекендердің халқы иман келтіргенде һәм Аллаға қарсы келуден сақтанып,
Оны паналағанда, әлбетте, Біз олар үшін көк пен жердің берекет қақпаларын айқара ашып,
оларды әбден жарылқайтын едік» («Ағраф» сүресі, 96-аят).
Жүрегі иманға толы ақылды адам кез келген жағдайды өзінің ақиреттік және дүниелік
пайдасына шешуді дағды қылады. Өзіне ұсынылған ащы лимон қышқылын қант қосу арқыл
бал татитын тәтті шырынға айналдырады.
Өмірде ащы лимон сынды адамның басына көптеген қиындықтар тап болады. Біреуге қиындық
кедейлікпен келсе, енді біреуге ауру т.б. бейнелерде келеді. Бірақ сіз қиындықтың имансыздық
бейнесінде келмеуін тілеңіз! Өйткені иман – сіздің дүниелік қана емес, ақирет бақытына
жетуіңіздің де себебі.
Ұмытпаңыз! Алла тағала сізді басқа жаратылыс-тан ерекше етіп жаратты. Сіздің бойыңызға
ерекше мейірім мен ақыл-парасат сыйлады. Егер сіз жоғарыда айтқанымыздай, салиқалы
әйелдердің қатарынан табыла білсеңіз, бүкіл әлем сіздің аялы алақаныңыз бен тәрбиеңізге
мұқтаж болар еді. Ендеше, бойдағы Алла берген осынау артықшылықты дұрыс жолда
пайдалануға талпыныңыз. Саналы ғұмыр мен ақылды жүректегі иман нұрымен қуаттай түсіңіз.
Тақырыпқа қосымша
Алла тағала Құран кәрімде мүміндер үшін перғауынның әйелі әзірет Әсияны мысалға
келтіреді. «Сондай-ақ Алла иман келтіргендер үшін Перғауынның әйелін мысалға келтіреді.
Кезінде ол: «Уа, Раббым! Мен үшін Өз құзырыңда, жұмақта бір үй тұрғызғайсың! Мені
Перғауыннан және оның жаман ісінен (зұлымдығынан) сақтай көр! Мені бұл залым қауымнан
құтқара көр!» − деп жалбарынған еді» («Тахрим», 11-аят).
Әсия бинт Мәзахим Мұсаның дәуірінде Алланың бірлігіне иман келтіреді. Күйеуі – күпірлікте
шектен шығып, өзін құдай санаған Мысырдың Перғауыны болатын. Әйелінің Аллаға иман
келтіргенін естіген
Перғауын, оны ыстық күннің астында азапқа салады. Екі қолы мен екі аяғын ағашқа керіп,
шегелеп тастайды.
Әбу Жағфар әт-Табари тәпсір кітабында: «Перғауын, әйелі Әсияны Аллаға иман келтіргені
үшін, шыжыған ыстық күннің астына қойып азаптайтын. Перғауын мен әскері ол жерден
кеткен кезде, періштелер қанаттарымен Күнді көлегейлеп, әзірет Әсияға көлеңке түсіретін.
Сондай-ақ ол өзінің жаннаттағы үйін де көретін. Бір күні Перғауын өзінің әскеріне үлкен бір
тас тауып әкелуін бұйырады. Ол тасты әйелінің үстіне тастамақшы. Бірақ Алла тағала Әсияның
иманға толы жүрегінен шыққан: «Мені Перғауыннан және оның жаман ісінен (зұлымдығынан)
9
сақтай көр! Мені бұл залым қауымнан құтқара көр!» – деген дұғасын қабыл алып, әзірет Әсия
залымдар денесіне тасты тастамас бұрын жан тәсілім етеді», – дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |