Ғылыми жоба Тақырыбы:«QR-кодты пайдалана отырып мектептің визит карточкасын жасау»
Бағыты: Математика, информатика
Орындаушы:Сабыржан Нұрдәулет, 6 «Б»сынып,
Б.Момышұлы атындағы ЖББМ(Қарағанды қаласы),
Қарағанды облысы
Ғылыми жетекшісі: Мәкей Мәдина Мұқашқызы
информатика пәні мұғалімі
Б.Момышұлы атындағы ЖББМ(Қарағанды қаласы),
Қарағанды облысы
2022
Мазмұны
Кіріспе Жақында тауарларда, қоғамдық орындарда (дүкендерде, вокзалдарда, белгілерде, қоғамдық ғимараттарда) түсініксіз коды бар біртүрлі квадраттар пайда болды. Олар сайттарда, жарнамада, дүкендегі өнімдерде және тіпті визиткаларда кездеседі. Мені бұл сұрақ қызықтырды: бұл жұмбақ қара және ақ квадраттар деген не?
Бұл QR коды немесе QR матрицасы деп аталады - әртүрлі ақпаратты қамтитын және арнайы сканерлер мен ұялы телефон камераларының көмегімен оқуға арналған екі өлшемді штрих-код.
Сонымен, менің жұмысымның негізгі мақсаты: QR кодын практикалық түрде қолдану және зерттеу.
Гипотеза: менің ойымша, QR коды ақпарат алудың және қолданудың жылдам әдісі және QR кодын қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында, соның ішінде білім беруде де қолдануға болады.
Жобаның мақсаты: мектептің визит карточкасын құруда QR - кодты қолдану.
Міндеттері:
1. Әр түрлі ақпаратты қамтитын QR кодтарын зерттеу және құру;
2. QR-кодты қолдана отырып мектептің визит карточкасын жасау;
3. Жиналған материалдарды өңдеу және есебін дайындау.
Зерттеу нысаны: QR-код.
Зерттеу пәні: QR-кодтау технологиясы.
Зерттеу әдістері:
1. Интернет-ресурстарды зерттеу;
2. Компьютерлік эксперимент жасау;
4. Ақпаратты жалпылау.
Өзектілігі: менің ойымша, мен зерттеген тақырып біздің ақпараттық қоғамда өзекті. Өйткені, күн сайын жаңа нәрсе пайда болады, бір нәрсе жақсарады және әлем ешқашан тұрмайды. QR-код қазіргі өмірдің бір бөлігі-оны пайдалана білу керек.