Данияр Сүлейменов



Pdf көрінісі
бет34/42
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#22886
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42
«Мен де кінәлімін» деп айтуды үйреніңіз  

Алдындағы адамның қателігі себепті көңілі қалған адам «Сен» деп емес, «Мен» деп айтуды да 

үйренуі қажет. Басқаны кінәлау, кінәлай салу оңай, бірақ адам өзін де кінәлай алуды білгені 

жөн. Өзін кінәлай білетін адам кемелдікке қарай қадам басты деген сөз

159

. Отбасылық өмірде 



қандай да бір проблема орын алғанда, кінәні бір адамға артпай, екі жақ та қателігін мойындап, 

«менің де кінәм бар» дейтін болса, оп-оңай ымыраға келеді әрі қауіптің алдын алады.  

159

 «Сондай-ақ өзін-өзі жазғырушы нәпсіге де серт!» («Қиямет» сүресі, 2-аят) 



Екінші бір мәселе, қарым-қатынаста адамның өзі емес, қателігі сыналуы қажет. Себебі адам өзі 

сыналған  уақытта  қорланғаны  себепті  қорғанысқа  көшіп,  тіпті  өзін  сынаған  адаммен 

байланысын үзуі де мүмкін.  

Ерлі-зайыптылар  осы  мәселені  ескергені  жөн.  Мысалы,  әйелі  тазалыққа  аз  көңіл  бөлетін ер 

адам әйеліне: «Сен мұншалықты салақ болар ма едің, тазалыққа біраз көңіл бөлмейсің бе, әбден 

шаршадым, үйге қонақ келсе, не дейді ертең, дәл осылай шашылып жататынын ойлағанымда, 

үйге оралғым да келмейді», – дейтін болса, әйел тарапына үлкен соққы боп тиеді. Бір мәселені 

бұлай сөз ету адамды қорлау болып саналады. Қорланғанын сезінген әйел қорғанысқа көшіп, 

тіпті  қарсы  реакция  көрсетуі  де  мүмкін.  Әйел  кісі  бәлкім  ерінен  қорыққаны  себепті  немесе 

отбасы тыныштығын сақтау үшін тазалыққа көңіл бөлуі мүмкін, бірақ жүрекке түскен жара 

араға салқындық түсірді емес пе? 

Дәл  осы  жағдайда  ер  адам  әйеліне:  «Үй  шашылып  жатқан  кезде,  өзімді  біртүрлі  жаман 

сезінемін» – деп, «Мен» сөзін қолдану арқылы жұмсақ қана қайыратын болса, жақсы нәтижеге 

қол  жеткізеді.  Әйелінің  де  көңіліне  қаяу  түсірмейді.  Керісінше,  әйелінің:  «Үйдің  шашылып 

жатқаны  күйеуіме  ұнамайды,  үйді  таза  ұстайын»  –  деген  «жауапкершілік»  сезімін  оятады. 

Сынау  немесе  мін  тағу  осы  кейіпте  қолданылса,  ешкімнің  көңілі  қалмай-ақ  кемшіліктің 

түзелуіне мүмкіндік туады. Дәл осы мәселе әйел кісіге де қатысты. 



70 

 

Күйеуіңізге өтірік айтпаңыз 

Өтірік айту – адамдардың бір-біріне деген сенімсіздігін тудырса, сенімсіздік – адамның ішкі 

жан  дүниесін  жегідей  жеп,  арадағы  қарым-қатынасқа  селкеу  түсіретін  дерт.  Сол  себепті 

күйеуіңізді  алдамауға  барынша  тырысыңыз.  Өтірік  айтудан  өзіңізді  барынша  тыйғаныңыз 

дұрыс,  себебі  «өтіріктің  түбі  бір-ақ  тұтам»,  ерте  ме,  кеш  пе,  әшкере  болары  сөзсіз.  Өтірігі 

әшкереленген адамның сенімнен де шығатыны белгілі. Алла елшісі бір хадисінде былай дейді:  

«Суайттық азғындыққа, ал азғындық тозаққа жетелейді. Кісі үнемі жалған сөйлеп, өтірік айтуға 

әуестенсе, ақырында Алланың құзырында өтірікші кәззап деп танылады»

160


.  

160


 Бұхари, Әдеп 10/507; Мүслим, Бирр 103. 

Бойыңыздан шынайылық пен адалдық иісі аңқып тұрсын. Өйткені шынайылық пен адалдық – 

ерлі-зайыптылар арасында сенім қалыптастыратын маңызды фактордың бірі. 

Күйеуіңіздің көзіне шөп сала көрмеңіз 

Бұл жағдай орын алатын болса, екінші жаққа ауыр соққы болады, әрі жасаған адамға үлкен 

күнә.  

Шаңырақ көтерген әрбір адам жарының көзіне шөп салумен өзін тозаққа итермелеп жатқанын 

білгені жөн. Мұсылмандық түсінікте отбасы қасиетті ұғым болып саналады, сол себепті оған 

қиянат жасау – үлкен күнә. Осыны ескерген шариғатымыз мұндай күнәға қатаң жаза бекіткен. 

Мұның ең негізгі емі – Алладан қорқу. 

Ашу – дұшпан, ақыл – дос 

Егер  күйеуім  жұмыстан  шаршап  келген  болса,  мен  де  жұмыстан  немесе  үй  шаруасынан 

шаршаймын. Неменеге ашуланады? 

Осыдан  барып  отбасыда  ұрыс-керіс,  айғай-шу  басталады.  Ері  де  ашулы,  әйелі  де  ашулы. 

Негізінде, мұндай проблема көптеген отбасыда бар. Бұл жағдай кез келген отбасыда кездеседі. 

Сондай-ақ  ашуға  ерік  бермейтін  ер  де,  әйел  де  жоқ.  Алайда  ақылды  әйел  күйеуінің  ашуын 

басып, бұл жағдайдан қалай оп-оңай шығып кетудің жолын жақсы біледі.  

Ақылды әйел – күйеуі ашулы кезде үнсіз қалуды таңдайтын әйел. Егер әйел де күйеуімен бірге 

ашуға салынатын болса, отқа май құйғанмен тең. Отқа май құю оттың одан сайын лапылдап 

жануына түрткі болады. 

Ақылды әйел – күйеуі ашуланған кезде, «күйеуім мені жақсы көрмейді, маған деген махаббаты 

азайып бара жатқандай»  деген сынды жаман ойға берілмейтін әйел. Есіңізде болсын, ашуға 

берілу арадағы махаббаттың азайғанын білдірмейді. Ал махаббатты одан әрі нығайта түсудің 

жолы – ашуға берілмей, бір-біріне құрмет көрсете отырып, өзара түсінісуге тырысу.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет