Данияр Сүлейменов



Pdf көрінісі
бет32/42
Дата31.12.2021
өлшемі1,42 Mb.
#22886
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42
Байланысты:
Данияр Сүлейменов

Бір шоқ гүл 

Сіз тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуіңізге арнап хат жазып көрдіңіз бе? Хатқа түсіру арқылы 

оған деген ішкі сезіміңізді, махаббатыңызды айта алдыңыз ба? Бәлкім, жазған да боларсыз. Ал 

егер жазбаған болсаңыз, отбасының бақыты үшін осындай қадамға барған қарындасымыздың 

хатынан сізге бір шоқ гүл ұсынамын! 

«Сүйіктім! Екеуміздің отау құрғанымызға да міне бірнеше жылдың жүзі болды. Алғашында 

өзіңе бұл хатты жазуға батылым бармаса да ақыры жазуға бел будым. Екеуміз бір шаңырақтың 

астында өмір сүргендіктен, бір дене іспеттіміз ғой! Мен сенмін, ал сен болсаң менсің!  




67 

 

Сүйенішім! Өзіңді қалай жақсы көретінімді білсең ғой! Өзіңнен сәл жырақ қалсам, сағынамын! 



Сенің бейнең, әдемі күлкің үнемі көз алдымда!  

әйелін: «Сен Әбу Мүслим әл-Хәуланидің әйелісің, сөйте тұра тұрмыс жағдайларың мәз емес. 

Күйеуіңе  Муғауиядан  ақшалай  әрі  үй  шаруасына  жәрдемдесетін  қызметші  сұрауын  айтсаң 

етті» – деп үгіттеген еді. 

Көп ұзамай әлгі әйелдің көзі көрмей қалады. Оның аянышты жағдайын көрген Әбу Мүслим 

әл-Хәулани Аллаға ұзақ жалбарынып әлгі әйелдің жанарын қайтаруын сұрайды. Алла тағала 

тілегін қабыл алып, әйелдің жанарын қайтарады. 

Есте сақтаңыз: 

– Үйдегі сырды ешкімге аша көрмеңіз. Әсіресе төсек қатынасын сөз етуден сақтаныңыз. Бұған 

шариғатымыз да тыйым салады. 

– Үйдегі ұсақ-түйек мәселені өзіңіз шешуге тырысыңыз.  

– Мына мәселені де қатты ескеріңіз! Күйеуіңіздің бойындағы артықшылығын, өзіңізге жасаған 

сыйлығы  мен  айтқан  әдемі,  жылы  сөздерін,  қайда  барғандарыңызды,  демалысты  қайда 

өткізгендеріңізді  басқаларға  көп  айта  бермеңіз.  Себебі  бұл  нәрсе  басқаның  сізге  деген 

қызғанышын оятуы мүмкін. Орынсыз сынға ұшырап, артыңыздан сөз еруі де ғажап емес. Ал 

біреуге ғибрат болсын деген мақсатта айтсаңыз болады. 



Бір шоқ гүл 

Сіз тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуіңізге арнап хат жазып көрдіңіз бе? Хатқа түсіру арқылы 

оған деген ішкі сезіміңізді, махаббатыңызды айта алдыңыз ба? Бәлкім, жазған да боларсыз. Ал 

егер жазбаған болсаңыз, отбасының бақыты үшін осындай қадамға барған қарындасымыздың 

хатынан сізге бір шоқ гүл ұсынамын! 

«Сүйіктім! Екеуміздің отау құрғанымызға да міне бірнеше жылдың жүзі болды. Алғашында 

өзіңе бұл хатты жазуға батылым бармаса да ақыры жазуға бел будым. Екеуміз бір шаңырақтың 

астында өмір сүргендіктен, бір дене іспеттіміз ғой! Мен сенмін, ал сен болсаң менсің!  

Сүйенішім! Өзіңді қалай жақсы көретінімді білсең ғой! Өзіңнен сәл жырақ қалсам, сағынамын! 

Сенің  бейнең,  әдемі  күлкің  үнемі  көз  алдымда!  Даусыңды  естісем  болды,  бақыттан  басым 

айналып бар дүниені ұмыт қалдырамын!  

Екеумізді бір шаңырақтың астында тоғыстырған Алла тағалама сансыз шүкіршілік етемін! Сен 

менің  жаннатымсың!  Саған  деген  махаббатым  арқылы  Жаратушы  Раббымның  махаббатына 

жақындай түсемін!  

Сүйіктім  менің!  Бойымда  көптеген  кемшіліктер  бар,  сол  үшін  де  кейде  өзіңді  байқамай 

ренжітіп  аламын.  Мұны  мойындаймын.  Бірақ  мен  бойымдағы  кемшіліктерден  арылуға 

барынша  тырысып  жүрмін.  Саған  да  Алла  разы  болсын!  Менің  қаншама  жағымсыз 

қылықтарымды елемей, кешіріммен қарап, дұрысталуыма мүмкіндік берудесің. Сенің менен 

разы  болғаныңды  барлық  нәрседен  жоғары  қоямын.  Өйткені  сенің  разылығыңды  табумен 

Жасаған иемнің разылығына жетуге мүмкіндік аламын! 

Қорғаным! Мен бес уақыт намазымда Жаратқаннан нығметке толы жаннатта да екеумізді бірге 

қыла көр деп тілеймін!  

Күнім! Сенің бір ғана жымиғаның мен үшін бүкіл дүниеден артық. Өзіңнен сүйемін деген сөзді 

естігенімде қанатты құсқа айналып көкте самғап жүргендей күй кешемін!  

Асыл азаматым! Көңіліңе қаяу түссе төсегімде дөңбекшіп түні бойы көз ілмей шығамын. Сенің 

сәл  болса  да  қиналғаның  маған  ауыр  тиеді.  Біреу  жүрегіме  қанжар  сұғып  алғандай  күйде 

боламын. 

Жұмыстан  қайтып  келе  жатқаныңды  естігенде,  үй  ішімізбен  қалай қуанатынымызды  білсең 

ғой! Бейне бір үйдегі әрбір затқа жан біткендей мәре-сәре күй кешеміз. 



68 

 

Сүйіктім!  Кейде  арамызда  келіспеушілік  туындап,  бір-бірімізді  ренжітіп  алған  күндері  мен 



үшін мына жарық та кең дүние тар әрі қараңғы зынданға айналып кеткендей болады. Сондай 

түндері ішкі жан-дүниемнің астан-кестені шығып бір сәтке де көз ілмей таң атырамын.  

Асылым! Сен мен үшін дүниедегі барлық нәрседен қымбатсың! Сенің қасыңда болу мен үшін 

үлкен бақыт!  

Сен мендегі алапат сезімді білсең ғой?! Саған деген махаббатымды айтып жеткізу мүмкін емес. 

Мен тек бар болғаны сезімімнің бір ғана  

тамшысын қағаз бетіне түсіре алдым.  

Алла  тағала  екеуміздің  қол  ұстасып  жаннат  төрінен  орын  алуымызды  нәсіп  етсін  деген  ізгі 

тілекпен аяулы жарың!..  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет