Дара жарнақтыларлың негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз


Қосжарнақтылардың негізгі ерекшелігін көрсетіңіз



бет2/3
Дата07.01.2022
өлшемі19,5 Kb.
#17895
1   2   3
Байланысты:
Документ (1) (11)

Қосжарнақтылардың негізгі ерекшелігін көрсетіңіз

Қос жарнақтылар, магнолиопсидтер (Magnolіopsіda) – гүлді өсімдіктердің екі класының бірі.

Жер шарында (Антарктидадан басқа) құрлықтарда кеңінен таралған. Ағаштар немесе шөптесін өсімдіктер, кейде қайта сүректенген жартылай бұта, бұталар. Құрамында 8 класс тармағы, 429 тұқымдасы, 10 мыңға жуық туысы және 190 мыңнан аса түрі бар. Ұрығы 2, кейде 1 ғана жарнақты, өте сирек 3 – 4 жарнақтылары да кездеседі. Жапырақтары қауырсынды, кейде саусақ салалы жүйкеленген. Жүйкеленуі ашық тұйықталмаған; айқын сағақты. Сабақтың өткізгіш жүйесі бір шеңберлі камбийлі (өсу клеткаларының жұқа қабаты) өткізгіш шоқтардан тұрады. Флоэмасында (органикалық затты өткізетін күрделі ұлпа) әдетте паренхима бар. Сабақтың қабығы мен өзегі өте айқын ажыратылады. Алғашқы (ұрықтық) тамырша негізгі тамырға айналады. Тамырдың оймақшасы мен эпидермасының онтогенездік жеке дамуы бірдей. Көпшілігінде гүлдері 5 немесе 4 мүшелі, кейбір алғашқы қарапайым таксондарда 3 мүшелі. Тозаң түйіршіктерінің сыртқы қабығының түсі алуан түрлі.



Магнолия тұқымдасына жататын өсімдіктердің жалпы сипаты, құрылысы, көбеюі, маңызын көрсетіңіз / Определите общую характеристику, строение, размножение, значение растений, относящихся к семейству Магнолии

Магнолиялар тұқымдасы негізінен мәңгі жасыл және жапырақ тастайтын, ірі гүлдері жекелеп орналасқан ағаштар және бұталы ӛсімдіктер. Жапырақтары жай, кӛпшілік жағдайларда қосалқы жапырақшалары болады. Жай гүлсерікті гүлдері кос жынысты, актиноморфты, гүл табаны сопақша болып келеді. Ашық түске боялған күлте жапырақшалары 6 немесе одан да кӛп санды гүлсеріктері 3 шеңбер құрып орналасады. Гүлдері 3 мүшелі болған жағдайда гүлсеріктерінің сыртқы мүшелері тостағанша түзеді. Аталықтарының саны ӛте кӛп, кӛбінесе етжеңді және олар да жеміс жапырақшалары сияқты спираль бойымен түзілген. Кӛптеген жеміс жапырақшаларынан түзілген апокарпты гинецейі де спираль бойымен орналасады. Екі интегументті тұқымбүршігі анатропты. Жемісі кӛп таптама немесе жаңғақ, кӛбінесе бүр тәрізді болады. Әдетте ұзынша келген тұқым кіндігінде орналасқан тұқымы эндоспермді. Ашық түске боялған етжеңді саркотеста тән. Магнолия тұқымдасына 10 туысқа біріктірілген 220-ға жуық түр жатады. Бұл түқымдастың түрлер санының аздығына қарамастан филогенетикалык тұрғыдан ӛте маңызды тұқымдастар қатарына жатады.Магнолиялар тұқымдасының ӛкілдері Солтүстік және Орталык Американың Атлант мүхиты жағалауында, ал кӛптегентүрлері Шығыс Азия және Үнді-Малай аймақтарында таралған. Бұл тұқымдастың негізгі ӛкілі магнолия (Magnolia) туысы, кӛбінесе тропиктік және субтропиктік аймақтардағы ормандарда қоныстанған. Кейбір магнолиялардың түрлері Қара теңіз жағалауларында декоративтік ӛсімдіктер түрінде ӛсіріледі. Мысалы, М. grandiflora биіктіп 30 м-ге жететін ірі, тегіс жиекті, эпидермисі қалың, қыска сағақты жылтыр жапырақтары бар мәңгі жасыл ағаш. Жабындық жапырақшалары бүршіктегі әлі ашылмаған жас жапырақтарын қорғап түрады. Жеке орналасқан хош иісті, ірі гүлдерінің аумағы 20 см және одан да үлкен болып келеді. Конус тәрізді гүл табанында 6-9, кейде 12-ге дейін түзілетін ірі ак түсті, жұпар иісті гүлсеріктері үш мүшелі шеңбер бойымен орналасады. Аталық жіпшелері жуан, дәнекерлері ірі және тозаңқаптардан шығыңқы келеді. Гүлдегеннен кейін саны жағынан ӛте кӛп аталықтары жапырақшаларға айналып, ұзарған гүл табанында спираль бойымен тығыз түзілген. Гүл табанының жоғарғы басым бӛлігін гинецей алып жатады. Спираль түрінде орналасқан саны ӛте кӛп жеміс жапырақшаларының әрқайсысы аналық түзеді. Аналық мойыны жоқ, сондықтан да жеміс жапыракшаларынын жоғарғы жағы түгелдей тозаң кабылдауға арналған аналық ауызына айналған. Жеміс жапыракшасының жиектерінің кірігуі нәтижесінде түзілген жалғыз ұялы жатында екі тұкымбүршігі орналасады. Гүлдеп болғаннан кейін гүлсеріктері мен аталықтары түсіп қалады, ал олардың орнында іздері калады. Гүл табанынын кӛлемі ұлғаяды, аналықтардан ӛте кӛп мӛлшерде құрсақ тігісі бойымен ашылатын, сұр түсті түтіктермен қапталған таптама жемісі түзіледі. Бұл жемістер ұзындығы 5-7 см және одан да үлкен “бүрлерге” ұксас келеді.

Пісіп жетілген тұқымдарынын түсі қызыл, қабығы етжеңді, ұзын жеміс сағақтарында тӛмен карай салбырай ӛседі. Магнолиялардың барлық түрлері мәңгі жасыл ӛсімдіктер емес, олардың араларында M.obovata түрі жапырақтарын тастайтын сүректі ӛсімдік.

Бұлардың басым кӛпшілігі жапырақтары жайылғанға дейін гүлдейді. Жапырақтары жоқ жалаңаш бұтақтарда орналаскан ақ немесе қызыл түсті ірі гүлдері ӛте әдемі кӛрінеді.

Тағы бір ӛкілі ретінде лириодендронды (Liriodendron) атауымызға болады. Солтүстік Американың оңтүстік-шығыс бӛлігінде ӛсетін кызғалдақ (L. tulipifera) ағашының гүлсерігі тек 3 мүшелі. Ол сыртқы жағында қайырыла орналаскан 3 тостағанша жапырақшадан және 6 күлте жапырақшадан тұрады. Бүл ағаштардың гүлсеріктерінің түстері бірдей болады. Түстері ашық болмағанымен пішіні жағынан қызғалдақтарға ұқсас келеді. Жапырақтар ұштары үшкірленіп келген 4 тармақты және жапырақ тақтасының жоғарғы бӛліп ойыстанып келген. Қызғалдақ ағашының ұзарған гүл табанында саны жағынан ӛте кӛп аталықтары мен аналықтары орналасқан. Мағнолиялардан айырмашылығы тұқымдарының таралуына бейімделген қанатты жаңғақ жеміс түзеді. Лириодендрон ағашы ӛте құнды болып саналады, соган орай қол ӛнерінде колданылады. Сонымен қатар, бұл ағаштар Қара теңіздің жағалауларында әсемдік үшін ӛсіріледі

Магнолиялар кӛбінесе ӛте қарапайым тұқымдас ретінде қарастырылады. Бұл тұқымдастың қарапайым белгілері ретінде гүлсеріктерінің дифференциациялануы, мүшелер санының тұрақсыздығы, аталықтарының етжеңділігі және олардың жапырақшаларға айналуы, гинецейінің апокарптілігі, аналық ауызының иілмеушілігі, гүл осінің ұзаруы, түтіктерінің баспалдақты перфорациялануы, талшықты трахеидтерінің болуы және т.б. ерекшеліктері жатады. Бұл тұқымдас филогенетикалық жағынан беннеттиттерге жакын туыс ретінде карастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет