Дара жарнақтыларлың негізгі ерекшеліктерін көрсетіңіз



бет3/3
Дата07.01.2022
өлшемі19,5 Kb.
#17895
1   2   3
Байланысты:
Документ (1) (11)

Тұңғиық гүлділер қатарына жататын өсімдіктердің құрылысы, көбеюі, маңызын көрсетіңіз / Определите строение, размножение, значение растений, относящихся к числу первоцветных

Тұңғиықтар тұқымдасы (ағылш. Nymphaeaceae) – көп жылдық, қосжарнақты өсімдіктер.

Негізінен суда өседі. Жер шарында кең тараған, 6 туысы, 60 (кейбір деректерде 90) түрі бар.

Тұңғиықтар тұқымдасына жататын өсімдіктердің көпшілік түріне гетерофиллия (су бетінде жүзіп жүретін және су түбінде өсетін жапырақтар) тән. Бір ерекшелігі – өсімдік ұлпаларында ауа өтетін қуыстар болады. Бұл қуыстарда газ алмасу процесі жүреді және олар жапырақтарды су бетінде ұстап тұрады. Гүлдері дұрыс, ұзын гүлсағағында орналасқан, күлтелері өте көп. Көбінесе қоңыздар арқылы тозаңданады. Жемісі – жидек тәрізді көп жапырақ. Негізінен вегетативті жолмен көбейеді.

Қазақстанның барлық су айдындарында (Арал теңізінде ғана болмайды) 2 туысы: тұңғиық және сарытұңғиық бар.


Тұңғиық (Nymphaea) туысының жапырағы дөңгелекше келген, астыңғы беті қызғылт, ұзын сағақты, су бетінде қалқып жүреді. Гүлі дара, ірі (диам. 3 – 30 см), гүл сидамы ұзын, көбіне 4 тостағанша жапырақты, гүл желегі көп, ақ, қызғылт, көгілдір түсті. Туыстың республикада 2 түрі: ақ тұңғиық және кіші тұңғиық бар. Тұңғиықтың тамыры мен дәнін су құстары, кәмшат, ондатр, жұпар тышқан, т.б. су жануарлары қорек етеді, әсемдік үшін қолдан да өсіріледі.[1



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет