Даралап оқыту құралдарына сипаттама



бет1/4
Дата26.12.2022
өлшемі3,1 Mb.
#59619
  1   2   3   4
Байланысты:
СӨЖ№1 Машарапова М

  • Даралап оқыту
  • құралдарына
  • сипаттама

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді. Профессор Ж.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.

  • Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
  • 1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
  • 2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
  • 3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
  • Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі:
  • Топ оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы
  • Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы
  • Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы 
  • Оқушылардың оқуға ынтасы мен мамандығына деген қызығушылығының артуы 
  • Оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы 
  • Оқушы белсенділігінің оянуы 
  • Алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы, қиындықтарды жеңуге ұмтылуы
  • Оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы
  • Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының оқытушыларға тиімділігі Деңгейлеп-саралап оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы
  • Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі
  • Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі
  • Оқушылардың жұмыстары әділ бағалануы
  • Оқушы мен оқытушының шығармашылық қызметін белсенді түрде дамытуы
  • Дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің орнауы
  • Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтың деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты – жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
  • Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет