«математика сабақтарында проблемалық технологияны қолдану арқылы оқушылардың іздену-зерттеушілік қабілеттерін дамыту» тақырыбындағы іс-тәжірибені жалпылау



бет1/10
Дата22.05.2023
өлшемі95,21 Kb.
#95800
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

«МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ПРОБЛЕМАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ІЗДЕНУ-ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ
ІС-ТӘЖІРИБЕНІ ЖАЛПЫЛАУ


Токыжанова Шолпан Касымовна
Шығыс Қазақстан облысы,Аягөз ауданы,
С.Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін мектеп


Тақырыптың өзектілігі:
Өзімнің педагогикалық қызметімде төмендегідей проблемалар кездесті:

  • Пәнге қызығушылықтың төмендеуі;

  • Оқушылардың оқу деңгейінің олардың нақты мүмкіндіктеріне сәйкес келмеуі;

Осыған байланысты төмендегідей сұрақтар туындады:
Бұл проблеманы қалай шешуге болады? Білім сапасын арттыру үшін оқу процесін қалай ұйымдастыруға болады? Пәнді оқып –үйренуде оқушылардың қызығушылығын қалай арттыруға болады? Оқушыларды өз бетінше ойлай білетін,әлемде пайда болған қиындықтарды көре білетін, оларды шешудің тиімді жолдарын таба алатын,алған білімдерін қайда және қалай қолдануға болатындығын түсінетін тұлға етіп қалай тәрбиелеуге болады?
Бұл проблеманы шешудің жолдарының бірі математика сабағында оқушылардың проблемалық-ізденушілік қабілеттерін дамыту деп ойлаймын.Оқушылардың сабақтағы белсенді танымдық әрекеті сапалы білім игерулеріне,пәнге деген қызығушылығын арттыруға,өздерін бағалауға көмектеседі. Оқушылардың танымдық әрекетін қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың көмегімен арттыруға болады.Осындай технологиялардың бірі проблемалық оқыту технологиясы болып табылады.
Жұмыстың мақсаты: математика сабақтарында проблемалық оқыту технологиясын қолдану тәжірибесін жалпылау
Міндеттері:
1) Типтік оқу бағдарламасына сәйкес проблемалық оқытудың әдістемелік негіздерін кеңейту;
2) Әдістемелік және электрондық дереккөздерге сүйене отырып ,педагогтардың проблемалық оқытуды қолданудағы іс-тәжірибелерін оқып -үйрену;
3) Математикаға оқытуда проблемалық технологияны қолдану тәжірибемді тарату;
4) Сабақтың әр кезеңдерінде проблемалық оқыту технологиясын қолдануды көрсету.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет