Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет14/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

17 


дәстүрі  қалыптасты.  Мәселен,  Сақ  патшасы  қайтыс  болғанда  таңдаулы  50 

жылқының, келесі жылы жылдығында тағы да сонша жылқының құрбандыққа 

шалынғандығы  баяндалады

5

.  Ежелгі  авторлардың  шығармаларындағы  құнды 



мәліметтер  сақтардың  жылқыға  қатысты  дүниетанымының  мазмұнын  ашуға 

көмектеседі.  Жазба  деректердегі  сақтардың  жылқымен  бірге  жерлейтін 

ғұрыптық  рәсімдері  археологиялық  тұрғыда  Пазырық,  Аржан,  Берел 

қорғандарымен расталған болатын. Аталған қорымдардан бүгінге дейін 270-тен 

астам жылқы сүйегі табылған

6

. Жерлеу орындарынан табылған жылқылардың 



басым көпшілігі жирен (күн, от, алтын сары түсті білдіреді) түсті. Бұл сақтардың 

наным-сеніміндегі күнге табынушылықпен байланысты болса керек. Сақтардың 

космогондық  түсінігінде  жылқыны  күн,  от  және  аспан  тәңірлері  деген  үштік 

моделмен  байланыстыруы

7

  ежелгі  халықтардың  мифологиясындағы  Аспан, 



Күн

8

, Ай, Жер, Су, Тау секілді киелі саналған көне танымдарға байланысты пайда 



болған дейді ғалымдар. Сол себепті, сақтар өздерінің патшаларын жерлегенде 

күн  түстес  алтын  әшекейлермен  аптаған.  Таңбалы  таста  күнбасты  адамдар 

бейнесінің кескінделуі де ежелгі халықтардың танымындағы күнді қастерлеуінен 

шыққандығын көрсетеді.

Көшпелілердің қай дәуірінде болмасын жылқы шаруашылығы маңызды рөл 

атқарған. Ғұн қоғамында да жылқы ерекше әспеттеліп, тұрмыс-тіршіліктің көзі, 

төрт түліктің төресі саналды. Мөде қаған құрған Ғұн империясының бір бөлігінің 

Ұлы  даланы  көктей  өтіп,  Еуропаны  бағындыруы  да  ғұн  әскерінің  аттылы 

қосынмен жасақталуында еді. Батыс жазба деректерінде «...ғұндар құдды бір 

ат үстінде туғандай, олар ат үстінде ұйықтап, тіпті сауда-саттықты да ат үстінде 

жасай  береді»

9

,  –  деп  жазады.  Бұл  ғұндардың  өмірінің  көбі  ат  үстінде  өтіп, 



таным-түсініктері де жылқымен біте қайнасып кеткенін көрсетеді.

Ғұндардың негізгі шаруашылығы жылқы болған және бұл ұзақ жылдар дала 

халықтарының негізгі кәсібі ретінде жалғасып келген. Кейіннен бұл үрдіс Түрк 

қағандығымен сабақтасып, жылқы шаруашылығы жоғары деңгейде дамыды. Ол 

туралы Вей империясының жылнамасында: «түрктерде жылқы өте көп және иен 

далада жайылып жүрсе де, жылқыларға ешкім тиіспейді, оларға белгі ретінде 

таңба салған, әрі әр рудың өз таңбасы бар»

10

 деген мәлімет кездеседі. Тағы бір 



деректе: «...Түрктердің жағдайын олардың жылқысы мен қойына қарап білуге 

болады»


11

, деуі түрктердің негізгі байлықтары жылқы болғандығын аңғартады. 

5

 Тоқтабай, 2015. – 25 б.



6

 Сонда, 2015. – 25 б.

7

 Акишев, 1984, 31 б.



8

  Таңбалы  тастағы  сақ  дәуіріне  тиесілі  петроглифтер  арасында  күнбасты  адам  бейнелерінің  жиі 

кездесуі сақтар үшін күннің қаншалықты қасиетті болғандығын айғақтайды.

9

 Бернштам, 1951. – 138 с.



10

 История Сибирии, 1968. -Т 1. - 452 с.

11

 Taşağıl, 2012. I-II-III Cilt. -18-19, 81 бб.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет