Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет12/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

12 


Алғашқы  көшпелілердің  қорғандарынан  табылған  заттық  айғақтарда,  атап 

айтқанда,  Еуразиялық  көшпелілердің  «аң  стиліндегі»  өнерінде  «бұғы,  киік, 

қыран құс, бүркіт, қасқыр, барыс, қабан» секілді аңдардың басым көпшілігінде 

жыртқыш  хайуандардың  талас-арпалысы  басым  бейнеленген.  Мұндай  күрес 

мотивтерінің бастапқы үлгілері ежелгі дәуірлердегі жартас суреттері қола, темір 

дәуірінен бастау алды, одан «скиф-сібірдің аң стилі» өнерінде қарқынды дами 

келе, сармат, кангюй, усунь, ғұн замандарына жалғасты. 

Алғашқы көшпелілердің «аң стилінің» айқын артефактілері қазіргі Қазақстан 

территориясындағы  Есік,  Берел,  Шілікті,  Аралтөбе,  Ұйғарақ,  Талды  және 

басқа  да  жерлердегі  алып  қорғандардан  молынан  табылған.  Алтай,  Саян 

тауларындағы  Пазырық,  Аржан  сынды  алып  қорғандардың  артефактілері  де 

әлемге әйгілі болды. Сонымен қатар Орталық Азия, Тыва , Алтай өңірлерінен, 

Украина, Моңғолия және басқа аймақтардан табылған артефактілердің өзара 

тарихи  байланыстары  мен  үндестіктері  барын  ерекше  айту  керек.  Олардың 

мотивтері  мен  кескін  келбеттері  ұқсас  келетіндігі  прототүрк  тұрғындарының 

этникалық байланыстарын аңғартып тұр десек болады. 

Сақтардың  жазу  қолданғаны  туралы  бұлтартпас  факт  –  Есік  қорғанынан 

табылған күміс тостағандағы 26 таңбалы мәтін. Бұл протожазудың мәтіні толық 

анықталмаған, ғалымдардың болжамы бойынша, прототүрк жазуы болуы мүмкін. 

Түрколог Алтай Аманжоловтың зерттеуі бойынша, мәтін прототүрк тілінде: Aga 

sana očkuk! Bez čök! Bukun ičre (r?) azuk - Аға саған бұл ошақ! Бөтен ел адамы 

тізеңді бүк! Халықта азық-түлік мол болғай! деп оқылды. 

Демек,  сақтар  мемлекетінде  өзара  хат-хабарлар  алмасуда,  басқа  көрші 

елдермен  қарым-қатынастар  орнатуда  жазу  қолданғандығы  ақиқат.  Бұл  көне 

түрк жазуының бастауларының бірі болуы да ықтимал. Өйткені күміс тостағанда 

қашалған таңбалар мен көне түрк жазуындағы таңбалардың өзара ұқсастығы 

байқалады. 

Əлемге  әйгілі  болған  «Алтын  адам»

4

  ескерткіші  1969-1970  жылдары 



Кемел Ақышев жетекшілік еткен археологиялық қазба зерттеулері барысында 

анықталған  болатын.  Қорғаннан  сақ  билеушісі  мен  әйелінің  мүрдесі,  алтын-

күміспен  көмкерілген  киім-кешегі,  әшекей  бұйымдары,  қыш  ыдыстары  және 

басқа да төрт мыңнан астам алтын жапсырмалар табылған. Табылымдардан 

«аң стилінің» болмысын, ерекше бітімдерін анық байқауға болады. Жалпы, Есік 

қорғанынан табылған ағаш тегене, ожау, құмыра, қыш ыдыстардан тыс, ежелгі 

сақ  көсемдерінің  алтын  әшекейлеріндегі  «қанатты  жылқы,  қанатты  барыс, 

грифон, арқар, тауешкі, жолбарыс, марал, құс» бейнелері сол байырғы кезеңдегі 

мифтік-дүниетаным ерекшелігінің айқын көріністері болып табылады. 

4

  Алтын  адам»  ескерткіші  Алматы  облысы  Есік  қаласының  солтүстігіндегі  Есік  өзенінің  сол  жақ 



жағалауындағы сақ қорғанынан табылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет