Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет20/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

22 


өндіретін  меншікті  кен  орындары  болғандығы  туралы  қазақ  жеріне  құпия 

тапсырмамен келген Сібір бөлімшесінің тыңшысы Ф.Назаровтың жазбасында 

баяндалады. Ол өз жазбасында Уәлихан хан өзіне тиесілі «Мың шұңқыр» кенішін 

орыс зерттеушілеріне көрсеткісі келмей, Шангина экспедициясын басқа бағытқа 

бұрып жібергендігін баяндайды. Ел арасында егер, кімде-кім хан иелігіндегі кен 

орындарын  орыс  зерттеушілеріне  немесе  сырт  көзге  көрсететін  болса,  қатаң 

жазаланады деп тыйым салған. 

Əлкей  Марғұланның  зерттеулерінде  меншікті  кен  орындары  Тәуке  хан 

мен  Абылайдың  заманында  да  болғандығын  айтады.  Алтын  немесе  басқа 

да бағалы кен орындары тек хан әулеттеріне ғана тиесілі болып, бұл дәстүр 

қазақ қоғамында ұзақ уақытқа дейін жалғасқан екен. Ханға тиесілі алтын, күміс 

өндірілетін кен орындары ханның жеке жасақ жігіттері арқылы тонаушылар мен 

көлденең  аттылардан  қорғалған.  Хан  алтынын  (кен  орнын)  қоритын  жігіттер 

туралы ел арасында «алтын қорыған жігіттер» деген тарихи аңыздар Тарбағатай 

мен Алтайдан Көкшетауға дейінгі жерлерге таралған

31

. Бұл қызықты деректер 



Герадоттың  жазбасындағы  сақ  патшаларының  алтынын  қоритын  грифондар 

(самұрық)  туралы  аңызды  еске  түсіреді.  Аталған  аңыздарды  қуаттайтын 

Алтайдағы сақ қорғандарынан (Берел, Пазырық) грифон мүсіндері табылғанын 

да айта кету керек. 

Ежелгі  түрктердегі  металл  игеру  теміршілік  дәстүр  кейіннен  кейбір  түрк 

халықтарында  жалғасын  тапты.  Мысалы,  Алтайдағы  шор,  куман  және  туба 

халықтары теміршілікті негізгі кәсіпке айналдырып, кейінгі ғасырларда металдан 

түрлі  заттар  жасап,  жоңғарларға  салық  төлеп  тұрғандығы  жөнінде  қызықты 

мәліметтер бар

32

. Мұны кешегі түрк дәуіріндегі дәстүрлі металл өндірудің тарихи 



сабақтастығы  деп  те  қарастыруға  болады.  Сонымен  қатар  металлургияға 

қатысты  «Темір  қапығ»,  «Бақырлық  тау»,  «Темір  тау»,  «Күміс  төбе»  секілді 

жер-су  атаулары  да  сақталғанын  айта  кетуіміз  керек.  Солардың  қатарында 

Қарқаралы  ауданындағы  ірі  кен  орындарының  бірі  «Темірші»  тауының  атауы 

сонау  көне  дәуірлерден  келе  жатқан  топоним  болуы  мүмкін  және  бұл  ежелгі 

түрктердегі теміршілік дәстүрдің куәсі тәрізді көрінеді. XIX ғасырдың аяғында 

«Темірші» тауына келген геолог Г.Д.Романовский аталған жерден темір өндірген 

кеніштің  орнын  тапқанын  баяндайды

33

.  Бертін  келе  Темірші  тауы  орналасқан 



Орталық  Қазақстан  аймағы  металл  өндірудің  ірі  орталығына  айналып,  әйгілі 

Теміртау металлургия комбинаты салынғаны белгілі. 

Ұлы  даланы  мекендеген  қазақ  халқы  да  ғасырлар  бойы  бойына  сіңірген 

теміршілік/ұсталық  дәстүрді  ұмытпай,  кейінгі  этнографиялық  кезеңдерде 

де  жаңғырта  білді.  Атажұрттан  Алтай  асқан  ағайындардың  арасында  ұлттың 

31

 Маргулан, 1972, с. 26



32

 Сатлаев, 1974. -198 c

.; 

Гаврилова, 1965. -145 с.



33

 Маргулан, 1972, с. 3-30.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет