Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет18/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

20 


жазбаларында «Азиялық скифтерде алтынның молдығы сонша, олар басынан 

аяғына дейін алтын әшекейлермен апталған бай киімдер киеді және астындағы 

аттарының  да  ер-тұрмандары  алтындалған»,  -  дейді.  Кейін  бұл  тарихи 

жазбаларды  айғақтайтын  Қазақстан  жерінен  бір  емес  бірнеше  алтын  адам 

табылып, түрк өркениетін әлемге паш етті. Ə.Марғұлан Герадот айтқан мыс пен 

алтынға бай азиялық скифтер елі «бүгінгі Қазақстанның Орталық және Солтүстік-

Шығыс аймақтары мен Алтай, Тарбағатай өңірлерімен сәйкес келеді», - дейді

21



Металдың  сан  алуан  түрі  Алтай  өлкесінде  сонау  қола,  сақ  заманынан 

бері өндіріле бастаған. Белгілі археолог С.И. Руденко Алтай өңірінде зерттеу 

жұмыстарын жүргізіп аталмыш аймақ ежелден металлургияның ірі орталықтары 

екендігін,  әрі  алтын  қорының  мол  болғандығын  айтады

22

.  Алтайдағы  сақ 



дәуіріне  тиесілі  –  Аржан,  Берел,  Шілікті  қорғандарынан  көптеген  алтын 

бұйымдар  табылған  болатын.  Елбасы  өзінің  мақаласында  да  Алтайға  баса 

назар аударуының себебі, Алтай – сақ дәуірінен бері түгел түркке алтын бесік 

болуымен  қатар,  ірі  металлургия  орталығы  екендігімен  байланысты  болса 

керек.  Белгілі  түрколог  Н.Я.Бичурин:  «Алтай  тауы  қытай  жылнамаларында 

Цзинь-шань  деп  хатталған,  мағынасы  Алтын  тау»  (түрк-моңғолша  «алтан» 

алтын  дегенді  білдіреді)  –  деп  тұжырымдайды

23

.  Сол  себепті  ежелден  халық 



арасында:  «Алтайдың  сай-саласы  түгел  алтын»,  –  деген  сөздің  сақталуы  да 

кездейсоқ болмаса керек-ті. 

Дәстүрлі  металл  өндіру  ісі  кейіннен  ғұн,  үйсін  және  қаңлы  мемлекеттері 

тұсында  да  әскери  және  тұрмыстық  маңызға  ие  болып,  қола  мен  темірден 

қару-жарақ пен түрлі бұйымдар жасағаны белгілі. Металл өңдеу, оның ішінде 

темір,  қорғасын,  алтын  қорыту  істері  Түрк  қағандығы  дәуірінде  қарқынды 

дамыды.  Байырғы  түрктердегі  металлургияға  қатысты  деректер  түрктердің 

тарих  санасына  шығу  кезеңімен  тығыз  байланысты.  Ол  туралы  қытай 

жылнамаларында Алтай тауына қоныс аударған Ашина түрктері әуелде Жужан 

империясына саяси тәуелді болып, салық ретінде темір өндіріп отырғандығы 

айтылады. Тарихи құжаттарда Жужандардың билеушісі Анахуанның түрктерді 

«менің темір өндірушілерім» деп атауы

24

 теміршілік/ұсталық дәстүр түрктердің 



негізгі  кәсіптерінің  бірі  болғандығын  айғақтайды.  Л.Н.Гумилевтің  «темір 

көшпелілерге бұрыннан белгілі болған, бірақ оны халықтың жаппай қолдануына 

қол жеткізген түрктер ғана болды»

25

, - деген пікірі темір өндіру ісі жалпыхалықтық 



кәсіпке  айналғандығын  байқатады.  Алтай

26

,  Хакасия  және  Тыва



27

  өңірінде 

21

 Маргулан, Наука, 1972, с. 30



22

 Руденко, 1953. С. 250–252.

23

 Бичурин, 1950. –Т. 1. с. 263.



24

 Бичурин, 1950. –Т. 1. с. 226-228.

25

 Гумилев, 1994. – 65 б.



26

 Зиняков, 1988.-276 с.

27

 Гумилев, 1994. – 65 б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет