Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет229/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

242 


Негізінде  аталмыш  атақтардың  біразы  моңғолдардан  бұрынғы  түрк  текті 

басқа Орта Азия әулеттері: Ғазнеуи, Селжұқ, Хорезмшахтарда да кездесуімен 

қатар атақтар мен белгілердің мұндай түрде қосарланып келуі (Құтлығ-Тонга 

Ұлығ-Білге)  және  илиг  атағының  Қарахандарға  тән  болуы  аталмыш  Тараз 

билеушісінің басқаға емес, Қарахандарға тиесілі болғандығы туралы пікірімізді 

қуаттайды. Мысалы, Қарахан тиындарының сирек маманы Б. Кочнев Қарахан 

тиындарындағы түркше атақтардың көне түрк жазуларында кездесетін атақтарға 

сәйкес келетінін жазып, біреуі Ферғананың Қарахан падишахы Хүсейін б. Хасан 

(өл.ж. 1156) бастырған тиындарда Алп Құтлық Тонга Білге Түрк Тоғрыл Қара 



қаған, басқасы Самарқанның соңғы Қарахан падишахтарының бірі Ибрахим б. 

Хүсейін  (өл.ж.  1202-1203)  атына  шығарылған  тиындарда  Алп  Құтлық  Тонга 



Білге Арслан қаған сынды атақтардың болғандығын мысал ретінде келтіреді

452


Бұған ұқсас Самарқандидің Қарахан билеушісі Масғұтқа арнаған Синбад-наме 

атты шығармасында оның белгісі мен атағы Алып Құтлық Тонга Білге Қылыш 

Тамғаш қаған түрінде келгені сияқты, Ферғанада билік құрған қарахандық әл-

Хасан  б.  әл-Хүсейіннің  1132  жылы  салғызған  кесенесінің  белгітас  жазуында 

оның атағы Алып Қылыш Тонга Білге Түрк Тұғрыл қаған түрінде жазылған

453


Дегенмен,  Қарахандармен  бір  заманда  болған  аталмыш  түрк  әулеттері 

де,  Көктүрк,  Ұйғыр  қағандықтары  мен  Қочо  Ұйғыр  мемлекетін  (Тұрпан) 

қоспағанда,  басқа  исламнан  бұрынғы  көне  түрк  әулеттері  (Түргеш,  Қырғыз, 

Қимақ қағандықтары, Қарлұқ және Оғыз ябғулары) басқару жүйесінде осындай 

не басқаша түрде Тараз мазар тасындағыға ұқсас Құтлық, Тонга, Ұлығ, Білге 

сияқты  атақ  түрлері  кездессе  де,  олардың  қосарланып  келген  Құтлығ-Тонга 

Ұлығ-Білге түріндегісі жазба деректерде кездеспейді. Яғни, бұл атақ аталмыш 

әулеттерде қос сөз түріне (мыс. Алып-Тегін, Себүк-Тегін, Қылыш-Арслан, Алып-



Арслан, Құтлығ-Боға және т.б.) сәйкес келіп, ол жағынан олардың атақтар жүйесі 

үштік, төрттік атақтар (немесе атақ жиынтығы) шоғырына ие қарахандықтардан 

өзгеше

454


. Белгілі болғандай, көне түрктер тарихында мұндай күрделі атақтар 

жүйесі  ең  көбі  Көктүрк,  Ұйғыр,  Қарахан  әулеті  басқаруымен  байланысты 

жазба  деректерде  кездеседі.  Демек,  бұл  себеп  те  «Дәуітбек»  кесенесінің 

Қарахандарға  тиесілі  деген  пікірді  айғақтайды.  Ие  болған  белгі,  атақтарына 

қарап  бұл  адам  қатардағы  біреу  емес,  үлкен  билеушілердің  бірі  болғандығы 

айқындалады.  Əсіресе,  марқұмның  хан  немесе  иликхан  атағына  ие  болуы 

немесе ең болмағанда мұндай белгі-атақтар сөз жүзінде ғана сақталса да, оның 

Қарахан  әулетінен  шыққандығын  дәлелдейді.  Марқұмның  Қарахан  әулетінен 

шыққандығын қуаттайтын басқа дәлелдері «Дәуітбек» кесенесінің орналасқан 

452


 Кочнев, 2006, С. 28-29.

453


 Sümer, 1999, 13.

454


 Бабаяров, Кубатин, 2012, 3-33.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет