Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет232/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   407
Börü+tegin>Бөрі+тегін,  бөрі  текті 

деп айтуға болады. Ғұн, түрк дәуірінен үзілмеген бөрі туралы аңыз да Шыңғыс 

хан  дәуірінде  де  көрініс  табады.  Мәселен,  бөріге  қатысты  мифтік  әфсаналар 

сонау  ғұн  дәуірінде  пайда  болып,  кейін  түрктердің  рулық  тотеміне  айналса, 

моңғол мифологиясында да ойып тұрып орын алған. Осы орайда Рашид ад-

диннің «Жамиғ ат-тауарих» шығармасындағы «итқұс, сары ит, қасқыр» бейнелі 

миниатюрасын да айрықша айтуға болады. 

Шыңғыстың шын есімі Temürčin>Теміүрчін, теміршін, темірші дегенге саяды. 

Temüčin>Темүчін  дегені  қытайша  «р»  дыбыссыз  айтылғандығы  болса  керек. 

Көктүрктердің қағандық құрған ордасы Моңғолияның орталық территориясында 

болатын.  Шыңғыс  қағанның  Темүрчін  аталуы  да  кездейсоқтық  емес,  «Мәңгі 

Ел»  империясын  құрған  түрк-моңғолдардың  арғы  бабаларының  алғашқы 

кәсібі  де  осы  «теміршілік»  болған.  Яғни,  көктүрктер  Алтайдағы  темір  өңдеу, 

металлургияны алғаш игерушілер, теміршілер еді. 

Шыңғыс  қаған  1206  жылы  негізін  қалаған  Моңғол  империясы  ғұндардың, 

көктүрктердің  мемлекеттік  билік  жүйесі  мен  әскери  құрылымын,  билік 

лауазымдарын қайта жаңғыртты. Көне түрктерден ұласқан ескі ұйғыр жазуын 

мемлекеттік ресми жазуы ретінде пайдаланды. Сол заманның Тататұңға, Шікі-

құтық сынды оқымыстылары орда хатшылары ретінде танылды. Бұл жайында 

қытай  деректемелері  ішінде  «Юань  ши»-дің  124-ші  тарауында  Шыңғыс  қаған 

Найман  хандығын  жаулап  алғанда  ұсталған  ұйғыр  бітікші  Тататұңғаның 

қойнынан  ескі  ұйғыр  жазулы  алтын  таңба-мөр  шыққан  делінетін  аңыз  бар. 

Көптеген зерттеушілер де осыған негіздеп көшпелілер ұйғыр жазуын жаңғырта 

қолдана  бастаған  дейді

456

.  Шынында  Ұлық  ұлыс  (Алтын  Орда)  дәуірінде  де 



аталмыш жазу кеңінен қолданылған еді. 

456


 Владимирцов, 1929, С. 20.


ҰЛЫ ДАЛА тарихы

245 


Ғұндардың,  көктүрктердің  уақыт  пен  кеңістік  туралы  түсінігі  мәңгілікпен, 

шексіздікпен  ұштасатын.  Ата-бабалардың  мәңгілік  туралы  ұғымы  тұрмыстық 

әшекейлерде,  ою-өрнектерде  де  кең  ауқымда  рәміздік  көріністер  табады. 

«Шеңбер», «мүйіз», «тұйық», «бітпес» секілді оюлар – іс-қимылдың, қозғалыстың 

аяқталмауын,  ұласуын,  мәңгілікке  үздіксіз  жалғасуын  бейнелейтін  тарихи 

өрнектер, этносимволикалық бірліктер саналады. 

Көне түрктердің дәстүрлі наным-сенімі бойынша мемлекет иесі қаған көктегі 

Тәңірінің  қалаулы  ұлы  болып  саналатындықтан  жердегі  елге  билікті  Тәңірі 

жарлығымен  жүргізуге  тиіс  болатын.  Түрк-моңғол  дәуіріндегі  қағандардың, 

хандардың жарлығында, мемлекеттің мөр таңбасында Тәңірге тәу ету сөздері 

жазылған. Мысалы, Моңғол империясының қағаны Күйіктің ал қызыл төртбұрыш 

пішінді мөр таңбасында 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет