ҰЛЫ ДАЛА тарихы
10
Сақтардың элиталық алып қорғандары мен басқадай кешендерінің ірілі-
ұсақты құрылымдарынан олардың қоғамында мемлекеттік статусы жоғары
билік тұлғалары мен бағынышты жұртының деңгейлерін ажыратуға болады.
Сақтардың тұрмыс-тіршілігі туралы деректер олармен көрші және саяси
қарым-қатынас құрған Ахеменидтік Иран, Шығыс Рим (Византия) және
Хань (Қытай) сияқты ежелгі мемлекеттердің жазбаларында кездеседі. Иран
патшалары Кир мен Дарийдің, Александр Македонскийдің жорықтарын
сипаттаған дереккөздерде сақтар және олардың әйгілі патшайымы Томирис
туралы мәліметтер бар. Олардың Алдыңғы Азияға жорығын басқарған
билеушіcінің аты Геродот жазбаларында Мидиас, «Шахнама» эпосында
Афрасиаб, түрк аңыздарында Алып Ер Тоңға деп аталады. Сақтардың Алдыңғы
Азия жорықтары кезінде Анадолыға дейін жеткендігі де баяндалады.
Анда болысу. Б.з.д IV ғасыр. «Күл-оба» қорғаны.
3
3
Королькова, 2006. -с.55 (Ил. 43)
|