Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет13/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

13 


  

Күміс тостағандағы прото жазудың мәтіні. Түпнұсқасы Алтын және  

қымбат бағалы металдар мемлекеттік музейі қорында сақтаулы. 

Астана қаласы

(Кемел Ақышевтің зерттеуі бойынша).


ҰЛЫ ДАЛА тарихы

14 


Берел жылқысының жаңғыртпасы. Берел №11 қорғаны.  

Сақ дәуірі (б.д.д. V-IV ғғ.). Шығыс Қазақстан, Берел аумағы. 

Реставратор – Қ.Алтынбеков


ҰЛЫ ДАЛА тарихы

15 


Алтын адам.Есік қорғаны.  Сақ дәуірі (б.д.д. V-IV ғғ.). 

Жалпы көрініс – Ә.Ақышев, Қ.Алтынбековтің жаңғыртпасы (2010 ж.).

Фотосурет : Қырым Алтынбеков


ҰЛЫ ДАЛА тарихы

16 


ТАРПАҢ МІНГЕН ТЕМІРШІ ТҮРКТЕР

Ұлы дала – жылқының отаны

Байкалдан Балқанға дейінгі ұлан-ғайыр аумақты алып жатқан Ұлы даланы 

мекен  еткен  түрк  жұртын  жылқы  түлігінсіз  елестету  мүмкін  емес.  Адамзат 

тарихында алғашқы болып жылқыны қолға үйретіп, жанына серік ете білген арғы 

бабаларымыз рухани және материалдық игіліктерге бай жасампаз көшпелілер 

өркениетін қалыптастырды. Олар ат құлағында ойнай жүріп ұлан-ғайыр аймаққа 

билігін  жүргізді.  Жылқы  арқылы  шаруашылықтарын  дамытып,  таңғажайып 

жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, атқа жегетін арба жасап, күні бүгінге 

дейін адамзат баласы игілігіне жаратып келе жатқан дөңгелекті ойлап тапты. 

Сондай-ақ  атты  әскери  қосындар  құру  арқылы  жауынгерлік  әлеуетін 

арттырып, қуатты мемлекеттер құрды. Осылайша тарих сахнасына тұлпар мініп, 

ту ұстап көтерілген түрктер жылқы малын айрықша қастерлеп, жиын-тойларда 

сән-салтанатымен пайдаланды. Сол замандарда дүниеге келген ат ойындары 

бүгіндері  төрткүл  дүние  көз  тіккен  үлкен  ат  спортына  айналды.  Түбі  бір  түрк 

халықтарының көпшілігі үшін бүгінгі таңда да жылқы түлігінің маңызы зор. Еті – 

азық, қымызы – дәру, шаруашылықта көлік құралы.

Жылқының қолға үйретілген отаны – ежелгі қазақ даласы екендігін және алғаш 

жылқышылар ботайлықтар болғандығын әлем ғалымдары мойындап отыр. Бір 

ғана  Ботай  қонысынан  70  мыңдай  жылқы  сүйегінің  табылуы  көшпелілердегі 

жылқы мәдениетінің жоғары деңгейде дамығандығын айқындайды. Осы орайда, 

Ботай қонысын тауып, оны ғылыми айналымға енгізген белгілі археолог В.Ф. 

Зайберттің қажырлы еңбегін ерекше атап өтуіміз керек. Қола дәуіріндегі Ботай 

қонысының тұрғындары жылқыны мініс құралы ретінде шаруашылығында тиімді 

пайдалануымен  қатар,  еті  мен  сүтін  де  азық  еткендігін  британдық  ғалымдар 

табылған ыдыстардағы қымыздың молекулалары арқылы анықтап отыр. 

Жылқыны  қoлғa  үйpеткен  көшпелілер  aлыc  apaлықтapды  бaғындыpып, 

өpкениеттiң  жaңa  caтыcынa  көтерілді.  Ежелгі  жазба  деректерде  «сақтарды 

жылқысыз елестету мүмкін емес» деген мәліметтердің кездесуі сақ қоғамында 

жылқы  түлігінің  бірінші  орынға  қойылғандығын,  сол  арқылы  шаруашылықта, 

әсіресе атбегілік кәсіпте үлкен жетістіктерге қол жеткізгенін аңғартады. Соның 

бір  көрінісі  ретінде  сақ  жауынгерлерінің  аттылы  әскер  қосынын  жасақтап, 

дұшпандарымен  соғыста  мерейінің  үстем  болуы  да,  сол  арқылы  Алтайдан 

Қара теңізге дейінгі аралықта салтанаты жарасқан айбынды патшалық құруы 

да  жылқымен  байланысты.  Тіпті  адам  қайтыс  болғаннан  кейін  де  тірісінде 

мінген тұлпары о дүниеде қызмет етеді деген сеніммен марқұмды атымен бірге 

жерлеген. Осылайша, көшпелілер қоғамында адамды жылқымен бірге жерлеу 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет