Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет15/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

18 


Ұзақ жолға шыдамды, әрі жүрісті түрк жылқылары қытай императорларының 

көз  құртына  айналған.  Сол  себепті  императордың  тапсырмасымен  түрк 

руларының асыл тұқымды жылқыларын іріктеу, анықтау мақсатында олардың 

тізімін жасап, хаттатқан. Қытай мамандары түрк жылқыларын екі түрге бөледі. 

Біріншісіне:  құрықан,  қырғыз,  басымыл,  байырқу,  тоңғыра,  тардуш,  бұғы,  эдіз 

жылқыларын; ал, екіншісіне, фули, қыбыр, жәуміт, курабор, айғыр, шік, дулат, 

хусе,  хун  ашидэ  жылқыларын  жатқызған

12

.  Сондықтан  да  қытай  билеушілері 



түрктердің  жылқысын  сыйлық  ретінде  қабылдауға  немесе  сатып  алуға  құмар 

болған. Мысалы, қытай деректерінде: «...Қара қаған Батыс Вей империясына 

елші жіберіп, императорға елу мың бас жылқы сыйлады

13

», десе, келесі деректе 



«593 жылы Даулан қаған императормен бұрынғы байланысын қайта қалпына 

келтіру үшін он мың жылқы, жиырма мың қой, бес жүз түйе және бес жүз сиыр 

сыйлық жіберді»

14

, деген мәліметтер сақталған.



Түрк жылқыларының бейнесі әртүрлі қабырға фрескалары мен жартастарда 

және қорғандардан табылған мүсіндерде сомдалған. Л.Н. Гумилев «мүсіндерге 

қарағанда,  түрктердің  аты  тоқпақ  жал,  қазық  аяқ,  қысқа  мойын,  басы  үлкен, 

шоқтығы биік болып келеді. Қырқып тарап қойған жалына қарағанда, олардың 

мұқият күтілетіні байқалады. Бұл аттар моңғол жылқысына мүлдем ұқсамайды, 

бірақ  Саманидтер  дәуірі  аттарының  суреттеріне,  әсіресе  Хэнаннан  табылған 

кішкене мүсінге ұқсайды»

15

, - дейді. 



Түрк аттарының түр-түсі мен сипаты әдеби мұраларда да сақталған. Орхон 

жырларында  Күлтегіннің  бірнеше  тұлпары  суреттелген.  Мәселен,  Күлтегiннің 

дұшпандарынан  айласын  асырып,  жеңіске  жетуіне  Aлып  Шaлшы  aқ  aты,  Aз 

қapaгеpi, Aзмaн aғы, Өгciз aғы мен Боз аты адал қызмет етеді. Осы орайда, қазақ 

халқы жылқы түсін жалпылама қылаң мен баран деп жіктеп, ішінара қылаңды: 

ақ, боз, ақ боз, шаңқан, шаңқан боз, тарлан, ақ тарлан, боз тарлан, баранды: 

қара, қоңыр, көк, қызыл, күрең, жирен, торы, сұр, күлгін, құла, шабдар, сары, 

шұбар, бурыл, кері, керқұла, қарагер, жирен, күрең секілді сипаттайтынын атап 

өтуге болады. 

Бағзы  замандардан  тамыр  тартқан  атбегілік  дәстүрі  түрктік  жылқы 

мәдениетімен  жалғасып  қазақ  арасында  барынша  жақсы  сақталған.  Ұлы 

даланың  жеті  қырына  баланған  жылқыны  қазақ  әуел  баста  жеті  қазынаның 

бірі деп бағалаған. Төрт түліктің төресі саналған жылқы талай ақын жыраулар 

мен  күйшілердің,  суретшілер  мен  мүсіншілердің  шығармаларына  арқау 

болған. Халқымыздың киелі жануарға деген ерекше құрметін жылқыны

 алғаш 

қолға  үйреткен  сонау  ежелгі  дәуірлерден  үзілмей  келе  жатқан  ұлттық  кодпен 

12

 Тоқтабай, 2015. – 42 б.



13

 Taşağıl, 2012. I-II-III Cilt. - 18-19 s.

14

 Бичурин, 1950. –Т. 1. -240 с.



15

 Гумилев,1994, 66 б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет