ҰЛЫ ДАЛА тарихы
173
(қыпшақ), 16) ашида, 17) ізгіл, 18) бұғы, 19) ігдір, 20) түргеш, 21) хазар және тағы
басқалары.
Қайнаркөздер мен табылған археологиялық ескерткіштерге негізделіп,
Шивээт-улаан кешеніндегі таңбаларды тасымалдаған тайпалардың
географиясын былайша анықтауға болады:
Орталық Орхон өңірі (Моңғолия) ретінде
Солтүстікте Оңтүстік Сібір (Енисей
өзенінің төңірегі – Саян таулары – Байқал көлі),
Шығыста Қиыр Шығыс (Шығыс
Моңғолия – Манжұрия),
Оңтүстікте Орда өңірі (Солтүстік Қытай), Батыста Алтай
- Шығыс Түркістан - Жетісу — Сырдария жағалаулары - Каспий жағалаулары.
Белгілі болғандай, көне түрк әулеттерінің арасында тек Көктүрк қағандығы
осы жерлерді өзінің қолына алған, осындай ұлан-ғайыр аймақта өмір сүрген түрк
тайпаларын бір саяси шаңырақтың астына біріктірген. Жазбаша қайнаркөздер
мен табылған археологиялық заттарды салыстыра отырып, таңбалардың
қандай тайпаларға жататындығын айқындау нәтижесінде Шивээт-улаан
таңбаларының басым көпшілігі Көктүрк қағандығының орталық аймағы мен оған
іргелес өңірлерде өмір сүрген тайпалар екендігі аңғарылады. Шынында, жазба
дереккөздерден белгілі болғандай, қағандықтың
орталығында: ашина, ұйғыр,
янь-то;
Достарыңызбен бөлісу: |