Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет187/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

205 


Түрлі  империялар  мен  әлемдік  діндердің  таласына  түрткі  болған  Тараз 

қаласының қазақ елінің тарихында да ерекше орны бар. Əмір Темір тұсында 

ескерусіз  қалған  өңір  қазақ  хандығының  негізін  қалаушы  Керей  мен  Жәнібек 

хандарға құтты қоныс болды

403

. Демек, қазіргі қазақ халқының негізін құраған 



қазақ хандығының өз алдына дербес шаңырақ көтеріп, жеке ел болуы да Талас 

өңірінің тарихымен астасып жатыр. Ел ішінде Керей мен Жәнібек сұлтандардың 

Сыр  бойынан  үдере  көшкен  елді  бастап  Мойынқұмға  қарай  келгені  және  Шу 

бойында тұрақ тапқаны жайында аңыз-әңгімелер бар. Аңыз түбі – ақиқат екені 

белгілі.  Содан  ХVІІІ  ғасырдың  орта  тұсына  дейін  Талас  өңірін  қазақ  хандары 

мекен етті.

Қаратаудың  басынан  көш  құлап,  қазақ  жұрты  қара  жамылған  алмағайып 

заманда  әуелі  қалмақ,  содан  кейін  жоңғар  әскерлері  Тараз  қаласын  қиратып 

кетті.  Жазушы-журналист  Бахтияр  Əбілдаұлының  сөзіне  сенсек,  осы  қираған 

қаланы қайта тұрғызып, 1774 жылы қалпына келтірген атақты Абылай хан екен. 

Қайта  бой  көтеріп,  Əулиеата  аталған  шаһар  1826-1827  жылдары  Қоқан  ханы 

Мәдәлінің кезінде Қоқан хандығының билігіне өтіп, жаңа құрылысқа ие болды

404



Əуелі  қамалы  тұрғызылған  мұнда  1837  жылы  едәуір  халық  қоныстанған  елді 



мекен пайда болды. “Қырға барсаң – қоқан бар, ойға барсаң – орыс бар” деп 

келетін өлең жолдарында айтылатындай, бұл жылдары Тараз тұрғындары қатты 

зардап шекті. 1864 жылы қалаға оқ жаудырып, қиратқан генерал Черняевтың 

әскерлері  Əулиеатаны  талан-таражға  салды.  Ресейге  отар  болып,  бұғаулық 

қамытын киген шаһар тұрғындары әміршіл жүйеге дүркін-дүркін бас көтерді. Ал 

Кеңес Өкіметі орнағаннан кейін қаланың аты өзгеріп, әуелі Мирзоян, кейін жыр 

алыбы Жамбылдың атымен атала бастады. 

Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін Тараз атауын қайта алған шежіре қаланың 

екі мыңжылдығы халықаралық деңгейде атап өтілді. Бүгінгі таңда 350 мыңнан 

астам тұрғыны бар Тараз қаласында түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. 

Ғұламаларға қоныс болған құтты мекенде халықаралық, мемлекеттік және жеке 

сипаттағы жоғары оқу орындары өскелең ұрпаққа білім беріп, келешектің кілтін 

ұсынуда. Бір кездері ірі сауда орталығы болған Тараздың экономикалық ахуалы 

да күн өткен сайын жақсара түсуде. Қалада ірі химия өнеркәсіп орындары мен 

қант, ұн, жеміс-көкөніс, тері өңдеу және басқа түрлі саладағы завод-фабрикалар 

жұмыс істейді. Бүгінде әлемдегі 30-дан астам елдермен экономикалық байланыс 

орнатқан қалаға Ұлы Жібек жолы қайта оралғандай. Орталық Азияның кіндігінен 

қоныс  теуіп,  Алматы,  Бішкек  және  Ташкент  қалаларына  бірдей  қашықтыққа 

орналасқан Тараз қаласы қазіргі таңда гүлденіп, өркендей түсуде.

403


 Материалы по истории казахских ханств XV-ХVIII веков. А., 1969, 352 с.

404


 Сенигова, 1972, с. 21. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет