ҰЛЫ ДАЛА тарихы
204
аңғарына және аймақтың ең көрікті жерлерінің біріне орналасқан
399
. Бір кездері
бұл жерде әулиенің қылуеті, яғни, жұрттан жырақ жалғыз қалып, Алла тағалаға
мінәжат жасайтын, құлшылық ететін мекені болуы ықтимал. Ал кесене соның
үстіне салынған болуы мүмкін. Бұл жерде біздің айтпағымыз - өзен жағасында,
табиғат аясында, төмендегі жазық алақаныңдағыдай көрінетін биікте қылует
салып, алаңсыз құлшылық жасау, Жаратқанға жалбарыну – елде сопылық
дәстүрдің белең алып тұрған және кісінің де жағдайы жетіп тұрған кезде жүзеге
асуы мүмкін. Өйткені қаланың іргесінен және ең көрікті жерінен орын алу – әр
кезде әркімнің қолынан келе бермесі анық. Ол үшін әміршінің қалаулысы немесе
халықтың құрметіне ерекше бөленген жан болуы керек шығар, сірә.
Бір кездері ілім мен білімнің, мәдениет пен өнердің ошағы болып, әлемдік
өркениетке өлшеусіз үлес қосқан Қарахан мемлекетін шығыстан келген қара-
қытайлар (қидандар) қиратты. Қаланы Хорезмшах Мұхаммед қайта алғанымен,
көп ұзамай Тараз, Шыңғыс ханның иелігіне өтті. Осылайша бар-жоғы он жылдың
ішінде қала тұрғындары үлкен қасірет шекті. Монғолдар тұсында «Ианги»
400
яғни
«Жаңа қала» деп атала бастаған Тараз, өзінің стратегиялық маңызын жоғалта
бастады. Бұған бір жағынан Қарахан мемлекетінің құлауы, қара-қытайлар мен
монғолдардың қанды жорығы және әсіресе, кейінірек Жібек жолының әлсіреуі
сияқты себептер түйткіл болса керек. Дегенмен, әйгілі саяхатшы Рубрук 1253
жылы Тараз арқылы өтіп
401
, 1255 жылы мұнда Кіші Арменияның патшасы Хетум
мен Мангу ханның інісі Хулагу кездесті. Осы тұста Тараз қала ретінде аталады.
Əйтсе де, осы кезеңнен бастап Тараздың тұралап, ескі сән-салтанатынан
айырыла бастағаны ақиқат болса керек. Мемлекет ісіне араласып, қол бастаған
қайраткер һәм ғалым, тарихшы бабамыз Мұхаммед Хайдар Дулат әйгілі
«Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде
402
Моғолстан жерінде орналасқан Тараз
қаласын моғолдардың “Ианки” деп атайтыны және осы аймақта көптеген
қалалардың іздері, мұнаралар мен күмбездер, ханакалар мен медреселердің
іздері сақталып қалғанын жазады. Осы жолдарға қарап, біз Тараз бен Тараздың
төңірегіне орналасқан көптеген қалалардың Шыңғыс ханның жорығынан
көп зардап шеккенін, тіпті олардың кейбірінің қирап, тек іздері ғана қалғанын
аңғарамыз. Біздің ойымызды Шыңғыс хан жорығынан кейін Ұлы Жібек жолымен
жүріп өткен ұрымдық Плано Карпини қуаттай түседі. Ол өзі жүріп өткен жерлерде
қиратылған, талан-таражға түскен көп қақпалы сарайлары бар сансыз қалалар
мен қаңыраған бос көптеген елді мекендерді көргенін сипаттап, қағаз бетіне
түсірген.
399
Бартольд, 1963.
400
Бартольд, 1965, с. 495.
401
Вильгельм де Рубрук, 1911, с. 104.
402
Мұхаммед Хайдар Дулати, 2003.
|