ҰЛЫ ДАЛА тарихы
249
келеді. Оған әр түкпірден шашырап кеткен әскерлер жиналып, бірте-бірте
әрбір тайпадан қол жиналып, сол аймақтардағы бұрыңғы әскерлерден қалған
жауынгерлерінің барлығы қосылды. Қазіргі уақытта оның ұрпақтарына тиесілі
әскер осындай жолмен жиналғандар», – дейді Рашид ад-дин өзінің «Жамиғ
ат-тауарих» шығармасында
464
. Осы кезден бастап далалық көшпелілердің
бірқатарына толық билік жүргізген Қайдұның мемлекеттік дәстүрлі билік жүйесін
сақтап қалу ұстанымын көптеген тайпалық одақтар, ұлыстардың билеушілері
қолдайды. Ал Құбылай қаған және оның төңірегінде жиналған «дайын байлыққа
құныққан және қытай саясатын қолдаушы топтың» Қытайда билік орталығын
салып орнығуына Жошы, Шағатай ұлысының бектері қатты қарсылық білдірді.
Оның басында Өгедей әулетінің сұңғыла тұлғасы Қайдұ хан тұрды. Ол өмірінің
соңына дейін Құбылайдың саясатына қарсы күресті.
Демек, Моңғол империясының шығысында қытайда ордасын салған
Құбылай басқарған бір қанат болса, батыста Жошы, Шағатай, Құлағұ әулетімен
одақтасқан Қайдұ басқарған бір қанат пайда болып, ұлы империяның қатаң
саяси билігі дербес мемлекеттік құрылымдар мен ұлыстардың билігінде дара
жүргізіле бастады.
Осы кезеңдерде Тараз, Қайалық, Алмалық, Қашғар, Хотан, Бұхара, Самарқан
секілді 16-дан астам қалаларда Қайдұның таңбасымен калима және «әл-хаһан
әл-әділ әл-ағзам» деген жазулы күміс дирхемдер соғылып ақша айналымында
кеңінен қолданылды. Қайдұ заманының өзінде ақша айналымы дамығандығын,
сауда-саттық жолдарының қарқынды жолға қойылғандығын, салтанатты қалалар
гүлденіп, мемлекеттің экономикалық қарқыны дұрыс бағытқа қойылғандығын
айқын көрсетеді.
«Жамиғ ат-тауарих» шығармасында: «Империя аумағы солтүстік-шығыста
Қайдұ мен Дуаның (Шағатайдың шөбересі Барақұлы Дуа, 1265-1271 жж. билік
құрған) иеліктері бар. Олардың шекараларынан қаған иеліктерінің шекарасына
дейін шөл арқылы қырық күндік жол. Екі жақтан да шекараға әскер мен
қарауыл қойылған. Олар оны (шекараны) күзетіп, мұқият сақтайды. Кей уақытта
шайқастар да болып тұрады. Қағанның иеліктерінің шекарасы аталған (Қайдұ
мен Дуаның иеліктері) жағынан (есептегенде) шығысқа қарай бір айлық жолға
(қашықтыққа дейін) созылып жатыр. Ол жерлердің көбінде қажетті әскерлер
мен қарауылдар бар. Шығыстан бастап әскері бар ханзадалар мен әміршілер
отырғызылған»
465
, – дейді.
Мөңке қаған 1251 жылы билікке келгенде, ру-тайпалардың қолдауына ие
ықпалды Қайдұға кешірім жасап, аса сақтықпен өзінен ұзақ, саяси өмірден алыста
ұстау үшін оны Тарбағатай өлкесіне жер аударады. Мөңке қаған қытайлықтарға
қарсы ұйымдастырған жорықтар кезінде Арықбұқаның қасында болған еді.
464
Рашид ад-дин, 2018. 7-9.
465
Рашид ад-дин, 2018. 7-8.
|