ҰЛЫ ДАЛА тарихы
248
1269 жылғы Талас құрылтайын тікелей ұйымдастырған Қайдұ хан еді.
Моңғол империясының орталығын Кайпинфүге көшірген Құбылайға қарсы
тәуелсіз мемлекеттердің негізін қалаған да Қайдұ болатын. Шын мәнінде,
Қайдұның саяси ұстанымы мен тікелей билігі арқасында Жошы, Шағатай,
Моғолстан ұлысы Құбылай басқарған қытайдағы орталықтан жеке дербес
өмір сүре бастаған болатын. Сол себепті, Қайдұны Шыңғыс қаған орнатқан
алып империяның әскери-саяси ұстанымдарын жалғастырушылардың бірі,
байырғы мемлекеттілік сабақтастықты жаңғыртушы деп атауға болады.
Өйткені
Қайдұ – атасы Шыңғыс қаған орнатқан империяның дәстүрлі мемлекетшілдік
саясатын қолдаушы, Құбылайдың империя орталығын қалың сан қытай жеріне
көшіруге түбегейлі қарсылық көрсеткен, далалық көшпелілердің еркін, тәуелсіз
құрылымын жасақтаушы ірі тұлға. Ол Құбылайдың қытайды жақтаушы билігіне
қарсы бірнеше мәрте әскери жорықтар ұйымдастырып, ордалық астана
Қарақорымды басып алуға бар күшін салды.
Тұлыйдың тұңғыш ұлы Мөңке қаған 1251-1259 жылдары таққа отырған
кезінде Шыңғыс қағанның шөбересі Қайдұ оның қызметінде болды. Кейіннен
Қайдұ Арықбұқамен бірге болып, оны қаған тағына отырғызбақ болады.
Жамиғ ат-тауарихта: «Өгедей қаған әулетінің әскерлері бөлініп, таратылып
берілгендіктен Қайдұ жинаған әскер байырғы негізгі әскерлер емес еді. Себебі,
Қайдұ Арықбұқаның бүлігі уақытында онымен бірге болған»
463
, – дейді. Ол
кездерде Қайдұға негізгі әскерлер құрамынан үлес бермеген еді. Рашид ад-
диннің жазуынша, осы кезде Арықбұқа бүлік шығарған тәрізді.
Арықбұқа – Тұлый ноянның қатұны Сорқақтани бегімнен туған. Ол
Құбылайдың інісі. Арықбұқа Мөңке қағанның өсиеті бойынша қаған тағына
1260 жылғы Ұлы құрылтайда таққа отырды. Орхон өзені бойы Қарақорымда
20 күндей Ұлы құрылтай жасаған Арықбұқа билеушілерінің қолдауымен заңды
түрде қаған тағына отырады. Алайда, таққа таласқан Құбылай 1260 жылы
қытайдағы Кайпинфү (Шанду) қаласында өзін ұлы қаған деп жариялайды.
Осылайша, Шыңғыс қаған орнатқан алып империя тарихында бір мезетте
екі билеуші пайда болады. Бұл тақталас ұзаққа созылып, арада әскери
қақтығыстар болады. Мұның да басты себебі екіжақты саяси ұстаным болатын.
Біріншісі – Қайдұ, Арықбұқаның Қарақорымда далалық көшпелілердің дәстүрлі
билік жүйесін сақтау ұстанымы болса; екіншісі – Құбылайдың көздегені ата жау
қытайда билік орданы жаңадан орнықтыру ұстанымы болатын.
Құбылай қаған 1260-1294 жылдары билік құрды. Моңғол империясының
астанасын өзі салдырған қытайдағы Кайпинфү-ге көшіріп, көп ұзамай 1271
жылы Ұлы Юань империясының негізін қалайды. Құбылайдың інісі Арықбұқа
қағандық тақталаста жеңіліп «әлсіреп, ағасы Құбылай қағанға кетіп қалғанда
Қайдұ қашып, әкесінің және атасының негізгі жұртына, ... уәлаяты аумағына
463
Рашид ад-дин, 2018. 7.
|