ҰЛЫ ДАЛА тарихы
261
Байқап отырсақ, мұндай текто ни калық өзгерістерге негіз болған дәуірлік
дүмпулердің барлығына ортақ сипаттар бар. Біріншіден, Алтайдан бастау алған
бұл империялар мен мемлекеттер қазіргі қазақ даласында қуаттанып, содан
кейін ықпал ету аймағын кеңейте түскен. Екіншіден, Шығыс пен Батыстың
арасын жалғаған құдіретті державалар «Ұлы Жібек жолы» сияқты әлемдік сауда-
экономикалық жолдардың дамуына баса мән беріп, оны өз бақылауларында
ұстаған. Үшіншіден, батысқа қарай бағыт алған империялардың бәрінде ұлы
мұрат, асыл аңсар болған. Олар әр кезеңде «Өтүкен», «Ергенеқон», «Жерұйық»,
«Жиделібайсын», «Қызыл алма», «Дәулет әбәд мүддет» деген сияқты түрлі
атаулармен көрініс берсе де, түпкі қазықтары «Беңгу ел - Мәңгі Ел мұратымен»
ұштасып жатқан. Төртіншіден, бүкіл ұлы істер мен тарихи оқиғалардың басында
Тәңіріден қуат алған тегеурінді тұлғалар - құдіретті қағандар мен данышпан
әміршілер тұрған. Қилы кезеңнің қиын шарттарын жеңе отырып, сын сағатта елін
бастап, ғаламат ерліктер жасаған Аттила, Бұмын, Естемі, Алпарслан, Бабыр
сынды ұлы әміршілер мен даңқты қолбасылар әлем картасының қалыптасуына
ықпал еткен. Сондықтан, құтты мекен, экономикалық қуат, ұлы мұрат және
тегеурінді тұлға Ұлы даланың тұрғындарын ұлы өзгерістерге бастап отырған.
Қазақ хандығының қасиетті Қозы басы тауында ту көтеріп
484
, жеке мемле кет
болып шыққан ХV ғасырда да әлем дік өзгерістерге жалғасатын осын дай дәуір
алмасуына тұспа-тұс кел ген еді.
Достарыңызбен бөлісу: |