Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет27/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

30 


бұл жерді Алтай тауларының басқа тарапынан іздеу қажеттігін алға тартады. 

Ол  аңыздағы  дұшпан  шабуылынан  аман  қалған  кісінің  балалары  мемлекет 

құрған жерлер Турфаннан шалғай жерлермен – Абакан, Енисей, Батыс Саян 

тауларымен  сәйкеседі.  Əпсанада  төртінші  ұлдың  мекені  анық  аталмаса  да, 

аңыздағы  жолдардан  бұл  жердің  Алтай  тауларының  солтүстік  жағы  екені 

аңғарылады. Аталған аңызда ағайындылар тұрған жерлердің өте суық екендігі, 

ағалары  от  жағуды  үйренгенде,  басқаларының  оны  басшы  етіп  сайлағаны 

айтылады. 

Халықаралық Түркі академиясы 2014-2015 жылдары арнайы жоба аясында 

Ергенеқонды  іздеу  жұмыстарын  жүргізді.  Соның  нәтижесінде  Алтайдың 

Берел  аймағынан  жоғарыда  3  мың  метр  биіктігіндегі  Қарақаба  жазығынан 

ІІ-VІІ  ғасырлардағы  қоныс  аймағын  тапты.  Алтай  тауларының  солтүстік-

батысындағы, Шығыс Қазақстанның Катон-Қарағай ауданында археологиялық 

қазба  жұмыстары  жүргізілді.  Нәтижесінде  академия  Түркия,  Əзербайжан, 

Қазақстан, Қырғызстан, Татарстан, Өзбекстан және Моңғолия елдерінің білікті 

ғалымдарын  шақырып,  аймаққа  арнайы  ғылыми  экспедиция  ұйымдастырды. 

Соның нәтижесінде түрк тарихын зерттеуші ғалымдар осы аймақтың Ергенеқон 

болуы мүмкін деген байламға тоқтады. Расында бұл жер, біріншіден, Ергенеқон 

жырында  суреттелгендей  төрт  тарапы  тік  жартастармен  қоршалған,  тұмса 

табиғаты  ғажап,  орманды,  сулы  жасыл  аймақ  екен.  Екіншіден,  таулардың 

төбесіндегі оймақтай ғана бұл жазықта металдың мол қоры бар екені белгілі. 

Үшіншіден,  археологиялық  қазба  жұмыстары  нәтижесінде  мұнда  ғұндардың 

соңы  мен  көктүрктердің  басы  болып  саналатын  дәуірде  тұрғындардың  ұзақ 

уақыт өмір сүргені анықталды. 

Қалай  дегенде,  адамзат  баласының  жер  бетіне  түскен  сәттен  бастап 

жоғалтқан  жұмағын  іздей  бастағаны  анық.  Сондықтан,  «Жерұйық»  ұғымы 

көптеген  шежіре-аңыздарда,  көне  кітаптарда,  бағзы  дәстүрін  сақтаған  ұлттар 

мен  ұлыстарда  кездеседі.  Ал  түбі  бір  түрк  халықтары  ғана  емес,  жалпы 

жылқының жалында есейген жауынгер көшпелі жұрттардың баршасы Алтайды 

қасиет  тұтып,  қадірлейтіні  тағы  ақиқат.  Содан  болса  керек,  Алаштың  ақиық 

ақыны Мағжан асқақ Алтайды асау тайдай түркті тапқан алтын анаға, ата мирас 

– алтын таққа теңейді. Алыста ауыр азап шеккен бауырын ақ сүтін еміп, пана 

тапқан Алтайға қайта оралуға шақырады. 

Бұл тұста тағы бір ескерерлік жайт, бүгінде бірнеше мемлекеттің еншісінде 

жатқан асқар Алтайдың төрт тарапын – Қазақстан, Ресей, Моңғолия және Қытай 

аумағын қазақтардың мекендейтіні. Бұл да, Мағжан ақын айтқандай, көп түрк 

енші  алып  тарқасқанда,  қарашаңырақтың  қазақта  қалғанын  айғақтай  түседі. 

Ендеше, есте жоқ ықылым заманнан бері алтын қазық Алтайды – Ергенеқонды 

айнала қоныстанып, қасиетті жерін қастерлеп отырған қазақ жұртынан Мәңгілік 

Ел мұратының қайта жаңғыруы заңдылық.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет