ҰЛЫ ДАЛА тарихы
312
айқындаған
525
. Олай болса байырғы ұғымда Сыр дария ғарыштың орталығы
болып саналып, бәйтерек секілді киелі ұйық мекен болған. Алып бәйтерек
пен ұлы дария – түрк заты үшін ғаламның қуат-күшін, уақыт пен кеңістіктің
қақпасын ашатын құдіретті рәміз. Дәл осы кеңістікке оралған Қорқыт ата мәңгілік
өмірдің баламасы күй өнерін тауып, күллі адамзатқа өнер қазынасының уақыт
категориясына бағынбайтынын айғақ ете алды.
Қоңыраулы қобыздың қоңыр үні
Түрк дүниесі үшін Қорқыт, қо быз, оғыз, абыз деген сөздер ықы лым заманнан
бері мәндес, біртұтас құбылыс. Қобыз – күл лі ыспалы аспаптардың атасы бол са,
Қорқыт сол қасиетті қара қо быздың иесі. Қобыз көне бол ған дықтан оның атауын
түрк ха лық тары негізінен ортақ сипатта ата ған. Башқұрт – қыл-кубыз, тыва – хыл
хомус, татар – кобуз, кубыз, өзбек, қарақалпақ – кобуз, түрікмен – оклы гопуз,
балкар – кыл-кобуз, кобуз, чуваш – хама-копас, моңғолда – хуур.
Қорқыттың өнер арқылы жа саған алғашқы аспабы да, әмбе ки есі де қара
қобыз. Қобызды ежел гі түрк-моңғол ұлыстары «хор, хуур» деп те атайтынын айт-
тық. Мүмкін оның ныспысы «хор құт», яғни арғы мәні «қо быз құт» деген біріккен
сөз ден шыққан да шығар деген ой туа ды. Бәлкім, құттың қор ғау шы сы, қо рушысы
деген ма ғы на бе рер. Қай ткен күнде, Ұлы да ла ның пер зенті болған Қорқыт атау ы-
ның қасиетті құтқа қатысы тала с сыз ақиқат.
Жыраулар мен абыздарға, ұзандар мен бақсыларға серік бол ған аққу кейіпті,
қаз үнді, құ лағы сылдырмақты, қуыс шанағы айналы қара қобыздың түпкі иесі
Қорқыт екені, оны «қарағайдың тү бінен қайырып, үйеңкінің тү бі нен үйіріп, ақ
қайыңның бе зі нен айырып, ортекенің мүй ізін тиек, желмаяның терісін шанақ,
тұл пардың қылқұйрығын қияқ қы лып» жасағаны бақсы сарынында айтылады.
Үстіне көбе киген, қолына аса ұстаған аузы дуалы Йолықтегін, Құбатегін, Кет бұға,
Сыпыра жыраулар хан дардың қа сында болып замана тарпын, қара қазан, сары
ба ланың қамын қасиетті қо бызбен толғаған. «Қорқыт ата кі табында» батырлар
жорыққа өзі мен бірге қобызды алып жү ріп, май дан даласында күй ойнай тын дәс-
түрі айпарадай етіліп жа зыл ғаны таңғалдырады.
Қорқыт атаның аманат ми ра с ы қобыз десек, қобызды сақ таған да, қобыз күй-
ле рін бүгінгі ұрпаққа жеткізген де қа зақ халқы екендігі Алаш елінің оша ғының
алауын күзеткен текті жұ рт болғанымыздың айғағы емес пе?! Қобызын бәйгеге
қос қан дәулескер бақсы Кетбұқа, Қой лыбай, бағаналы Балақай, Молықбай,
кейінгі буын Ықылас Дүкенұлы – Қорқыт ата дәстүрін жалғастырушылар. Бүгінгі
күнге Қорқыт атаның «Қорқыт», «Сарын», «Байлаулы киіктің зары», «Башпай»,
«Қара қалмақ», «Əуппай», «Желмая», «Қоңыр», «Тарғыл тана», «Ұшардың ұлуы»
секілді күйлері мен сарыны көне ғасырдан ұласып жетіпті
526
.
525
Қасқабасов, 2008, 236-б.
526
Марғұлан, 1985, 219-б.
ҰЛЫ ДАЛА тарихы
313
Алаштың алдаспан ақыны Мағжан қа рағайдан қобыз шауып алғашқы му зы-
калық аспапты өмірге келтірген Қорқыт ата туралы:
«Бір күні шошып тұрып көргендей түс,
Кесіп ап қарағайдан қылды қобыз.
Қыл тағып қобызына сөй ле тіп ед,
Алтайды күңірентіп шықты лебіз», – деп жырлайды.
Ақын Қор қыт атаны түрк өркениетінің ал тын бесігі Ал тай да туған, жер бетіндегі
алғашқы қобыз Алтайда жасалған деп болжайды. Түрк жұртының киелі қара
шаңырағы Алтайда абыз Қорқыт қыл қобызда сарынын бе беу летіп, алты сан
алашты аузына қаратқаны айдан анық.
Түркі академиясы ұйымдас тыр ған археологиялық экспедиция бұрнағы
жыл дары Шығыс Қазақстан облысы Ка тонқарағай ауданы Алтай тауының сі -
лемі Қарақаба деген жерден қару-жа ра ғын тағынған жауынгер жыраумен бір ге
көмілген көне қобыз аспабын табуы Мағжан ақын сөзінің ізінде ақиқат жатқанын
дә лелдегендей. Академия ма ман дары бұл жәдігердің мер зімін VІІІ ғасырға көне
түрк мем лекетінің дәу іріне жататы нын тұжырымдаумен бір ге кө не қобызды сәтті
жаңғыртты. «Қор қыт» поэмасының түйінінде сәу егей ақын «шеше алмай жан
жұм бағын шерлі Қорқыт... Көрге де қобызымен кірді Қорқыт» деп ай туы – Қорқыт
дәстүріндегі абыздардың моласына қобызы бірге қойылатынын тұспалдап тұр
емес пе?!
Достарыңызбен бөлісу: |